«Математика – ақыл-ойдың әуені» атты математика кафедрасының онкүндігі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Математика – ақыл-ойдың әуені» атты математика кафедрасының онкүндігі
21
октябрь
2020

«Математика – ақыл-ойдың әуені» атты математика кафедрасының онкүндігі

Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейдің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, лицей әкімшілігі 2020 жылдың 17-27 қазан аралығында «Математика – ақыл-ойдың әуені» атты математика кафедрасы онкүндігіне қатысуда. Өткізіліп отырған ауқымды іс-шараның мақсаты – оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру, математика жұмбақ әлеміне кіре отырып, оқушылар ой-өрісі мен түсінігін дамыту. Осы мақсатқа жету жолында бірқатар міндеттер ретінде педагогикалық шеберлікті жетілдіру, пәнаралық нәтижені қалыптастыру, оқушылардың оқуға мотивациясын дамыту ескерілуде.
Лицейімізде тереңдете оқытатын пәндерінің бірі математика болғандықтан, ұйымдастырылған  іс-шаралар логикалық ой-қорытылымдармен тиянақталуда. Пән мұғалімдері мен оқушылардың сабақтастығы қашықтық жағдайдағы қолданған платформаларды еркін меңгеруімен өткізген сабақтарында онлайн-зертхана тәжірибесін  жүргізуінен көрінді. Оқушылардың теориялық білімдерінің деңгейі  ашық сабақтар мен интеллектуалды байқауларда көрініс тапты. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі  «Google» формасына салынып, кері байланыс жүргізілуде.




 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: