"Жаратылыстану" кафедрасының онкүндігі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаратылыстану" кафедрасының онкүндігі
21
февраль
2020

"Жаратылыстану" кафедрасының онкүндігі

     Кәсіби біліктілік пен оқушы шығармашылығын сабақтастырған "Жаратылыстану" кафедрасының онкүндігі өз мәресіне жетті.  2020 жылдың 11-21 ақпан аралығында «Жаратылыстану ғылымының құпиясы - тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы - тым биік» тақырыбында "Жаратылыстану" кафедрасының ұйымдастыруымен онкүндік өтті. Онкүндік мазмұны оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген ашық сабақтар мен сынып тыс іс-шаралармен толықтырылды. Онкүндік аясында жаратылыстану кафедрасының мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұнына сай оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын сабақтастыра отырып, сабақ берудің түрлі әдіс-тәсілдерін ұсынды. Қалыптастырушы бағалаудың оқушы танымы мен шығармашылығына бағытталған тапсырмалар жүйесі жас ерекшелігіне сәйкес етіп таңдауымен, көрнекі құралдарды тиімді қолдануымен, өзінің және оқушының іс-әрекетін ұтымды ұйымдастыруымен ерекшеленеді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: