«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2019

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

       2019 жыл 16 наурыз күні эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне арналған дене тәрбиесі пәні бойынша өткізілетін «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты эстафеталық ойындар ұстаздар арасында өткізілді. Эстафеталық ойын мақсаты:

1. Ұстаздар арасында спорт жұмысын жандандыру;

2. Мұғалімдердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын,       батылдықтарын, күштіліктерін байқау;

3. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Эстафеталық ойынға ұстаздар арасынан 6 команда қатысты 

1. Әкімшілік

2. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы       

3. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы                     

4. Физика-информатика кафедрасы                                                            

5. Жаратылыстану кафедрасы

6. Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру және АӘД кафедрасы

Ойын барысында   ұстаздар ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуын және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді.Ойынға аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мухамедиев Қайрат Тілеулиевич қатысты.

Эстафеталық ойында ІІІ орынды физика-информатика кафедрасының «Ғарыш» тобы иеленді, ІІ орынды жаратылыстану кафедрасының «Қыран» тобы алды, І орынды әкімшілік «Шымыр»  тобы қанжығалады.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: