« Алатау аруы-2019» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2019

« Алатау аруы-2019»

2019 жылдың 13 наурызында Алатау ауданының   оқушылар  үйінің ұйымдастыруымен аудандық  қыз сыны «Алатау аруы — 2019»  байқауы жоғары деңгейде өтті.
     Байқаудың мақсаты: қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік  т.б. негізінде тәрбиелеу. Міндеттері әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
     Байқау барысында ару қыздар сымбаттылығын, сыпайлығын, біліктілігін және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді.
 Өз өнерімен, біліктілігімен және сымбаттылығымен ерекшеленіп бас жүлдені №178 лицейдің  9 «А» сынып оқушысы Адашханова Аяулым қанжығалады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: