"Математика - ақыл-ойдың әуені" атты математика онкүндігі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Математика - ақыл-ойдың әуені" атты математика онкүндігі
17
октябрь
2020

"Математика - ақыл-ойдың әуені" атты математика онкүндігі

    Алматы қаласы №178 лицейде 2020 жылдың 17 қазан күні «Математика - ақыл-ойдың әуені» атты математика онкүндігінің ашылу салтанаты болды! Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математикалық білімі мен сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптары да жоғары. «Қазақ халқы - талантты халық. Біз математика мен механикадан дүниежүзі ғалымдарының назарын аударуға тиіспіз»,- деп ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық академиясының академигі Орымбек Ахметбекұлы Жәутіков айтқандай талпынсақ, қызықсақ математика сіздер үшін қиын емес. Ендеше лицейімізде басталған математика онкүндігінің белсенді қатысушысы болуға шақырамыз! Осы орайда лицей сайтына 5-6 сыныптарға арналған қызықты да, қиын есептер салынатынын хабарлаймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: