Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының Х Халықаралық конкурсы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының Х Халықаралық конкурсы
01
март
2020

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының Х Халықаралық конкурсы

    №178 лицей 11-сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 1-3 наурызында Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында өткізетін Ө.Жолдасбеков атындағы математика  және  механикадан зерттеу  жұмыстарының Х Халықаралық конкурсына жолдама алды. 
    Конкурстың басты мақсаты - оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасау, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесін және құрылымын жетілдіру.
   Конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылары мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша жобаларын қорғайды.
      Лицей оқушыларына сәттілік пен жеңіс тілейміз!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: