Математика кафедрасының онкүндігі өтуде » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Математика кафедрасының онкүндігі өтуде
24
октябрь
2020

Математика кафедрасының онкүндігі өтуде

   Алматы қаласы Алатау ауданы № 178 лицейдің әдістемелік жоспарына сәйкес қашықтан оқыту жағдайында математика кафедрасының онкүндігі өтуде. Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы мақсатын көздеген шеберлік-сыныптары кәсіби тәжірибе алаңына айналды. Лицей әкімшілігі және пән мұғалімдері онкүндік аясында өткізіліп отырған «Қашықтықтан оқытудағы Qalan.KZ порталының тиімділігі» Байткенова Баян Бакытовнаның, «Геометрия есептерін шешудің тиімді әдістері» Сағиолданов Талант Бақытұлының, «Графиктерді салу тәсілдері» Ахметова Жадыра Нурлановнаның шеберлік-сыныптарына қашықтықтан қатысты.
   Qalan.KZ порталымен жұмыс жасай отырып оқушының жұмыс нәтижесін қорытындылап көрсеткен математика пәнінің мұғалімі Байткенова Баян Бакытовнаның, тікбұрышты үшбұрыштар көмегімен тригонометриялық функциялардың мәндерін анықтау, стереометрия есептерін шешудің тиімді тәсілдерін көрсеткен математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант Бақытұлының, қисықсызықты трапеция ауданын геогебраның көмегімен түсіндірудің артықшылығын көрсеткен математика пәнінің мұғалімі Ахметова Жадыра Нурлановнаның іс-тәжірибесі шеберлік-сыныптардың ұтымды тұсы болды.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: