Жас педагог мамандарға арналған семинар-тренинг » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас педагог мамандарға арналған семинар-тренинг
15
сентябрь
2020

Жас педагог мамандарға арналған семинар-тренинг



Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Гулнафис Абатовнаның ұйымдастыруымен «Жас маман - бүгін, ертең: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында жас мұғалімдерге арналған лицейішілік онлайн семинар өтті. Жиынға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, лицей ұстаздары мен жас мамандар және олардың тәлімгерлері қатысты.
Іс-шараны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Даулетбаева ашып, семинардың мақсатына тоқталды. Гулнафис Абатовна өз сөзінде оқу үдерісінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынып, жас маманға көмек көрсету, жаңа идеялар ойлау және тәжірибе алмасуға тоқталып өтті. Ал, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дуйсенбекова Макпал Паримбековна өз баяндамасында жас сынып жетекшілеріне арналған кеңестерін ұсынды.
Семинар аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатқызы «Топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндама жасап, қашықтықтан оқыту жағдайында топта жұмыс істеу шеберлік сыныбын ұсынды. Тарих пәнінің мұғалімі Тұрлығожаев Али Ерболатұлы «Қашықтық жағдайдағы тест құрастыру үлгісі» тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетіп, интернет ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін ұсынды.
Жас мұғалімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру мақсатында «Мен қандай тұлғамын?» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингте мұғалімдер өздерін эмоционалды түрде бос ұстауды және кәсіби шеберліктерін дамыту мен топтасып жұмыс істеудің түрлерін дамытты. Әр мұғалім өздерін басқа қырынан таныта білді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелі ұстаздардан үйренетіндерінің көп екенін, өткізіліп отырған семинардың берері мол екенін атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: