Қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдері » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдері
21
август
2020

Қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдері

Алатау ауданы мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің қатысуымен   "Қашықтан оқыту жағдайындағы оқыту мен оқудың әдіс-тәсілдері" тақырыбындағы онлайн вебинар Алатау ауданы «№178 лицей» КММ ұйымдастыруымен өтті. 

       Іс-шарада Алатау ауданы  №178 лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханұлы мұғалімдер мен оқушылардың қашықтықтан оқыту форматын еш қиындықсыз игеру  мен оқыту нәтижелерін сапалық деңгейге көтеруі  әрбір ұстаздан ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды талап ететіндігіне тоқтала келе вебинардың жұмыс жоспарымен және мақсатымен таныстырды.

Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Ибрагимов Ділдахан Қыраубекұлы өз баяндамасында онлайн оқу жағдайында топтық жұмыс тиімділігін,  сабақтың кіріктіріп оқытудағы әдістер мен тәсілдердің оқу мазмұнын тереңдетудегі маңыздылығына тоқталса,  №178 лицей директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даулетбаева Гулнафис Абатовна және директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сағиолданов Талант Бақытұлы өз бпяндамаларында  лицейдегі қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен жұмыс барысында мұғалім-оқушы-ата-ана арасында өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, бейнесабақтар, деңгейлік тапсырмалар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған дағдыларды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейтін жаттығулар мен  кез келген жерде, кез келген уақытта жоғары білікті оқытушылардан білім алуға мүмкіндік беретін сипаттамаларын ерекше атап өтті.

Вебинар барысында  сабақ мазмұнын тереңдетудегі оқу мен оқытудың тиімді формаларын таңдау және жетілдіру мәселелері мен оқушыны сабаққа қызықтыру,  синхронды және асинхронды сабақ өткізудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ұстаздар арасында қызу талқыланды.

Сонымен қатар, лицейдің Жумагулова Сагила Абдуллаевна, Есенгалиев Санат Турганулы, Джумабаева Гулнар Бейсенбековна және Жұмабай Фатима Мұхамбетжанқызы сынды білікті ұстаздары тарапынан «Қашықтан оқыту жағдайында зертханалық жұмысты ұйымдастыруда Phet сolorado бағарламасын қолдану», «Интернет ресурстарын қолданып, математика сабағының тиімділігін арттыру», «Оқушылардың жаратылыстану пәндерінен оқу сауаттылығын дамытуды ZOOM сессия залына бөлу арқылы өткізу» тақырыптары практика жүзінде таныстырылым ретінде ұсынылды. Білікті ұстаздар қашықтық оқыту жағдайда Phet сolorado бағдарламасын физика, математика, биология, химия сабақтарындағы зертханалық жұмыстарда қолдану бойынша тәжірибе алмасты.

Вебинарда талқыланған өзекті ой құнды пікірлермен сабақтастып қашықтан оқыту жүйесінің әлемдік ақпараттармен байланысуға, білімдерін онлайн жалғасыруға, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауда мүмкіндігі зор екендігін алға тартты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: