Лицейіміздің физика пәні мұғалімі Жұмағұлова Сағиланың мақаласы "Almaty Aqshamy" газетіне жарыққа шықты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейіміздің физика пәні мұғалімі Жұмағұлова Сағиланың мақаласы "Almaty Aqshamy" газетіне жарыққа шықты
10
июнь
2020

Лицейіміздің физика пәні мұғалімі Жұмағұлова Сағиланың мақаласы "Almaty Aqshamy" газетіне жарыққа шықты

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ЖЕДЕЛДЕТЕДІ

Қашықтан оқыту – оқу орындарында біраз жылдан бері қолға алынған сабақ беру түрі. Дегенмен, бүгінде әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты оқытудың осы түрінің маңызы артты. Еліміздегі мектептер Covid-19-дың таралу қаупіне қарай өзгеріске бейімделіп, оқушыларды қашықтан оқытуға кірісті. Қашықтықтан оқыту босаңсуды көтермейді. Осы заманғы технология оқу үрдісінің барлық кезеңін қашықтық форматқа көшіруге толықтай мүмкіндік береді. Яки, қашықтан оқыту карантин жағдайында оқу үрдісін жалғастыруға мүмкіншілік туғызады.
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Мұғалімдердің алдын-ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, сондай-ақ программалық қамту жіске аспаса, оқушылардың білім сапасы артпайды. Оқушының білімін жетілдіріп, үлгерімін арттыру үшін мұғалімнің АКТ құзыреттілігіне қатысты дағды қалыптастыруын қадағалау қажет. Қашықтан оқыту мұғалім біліктілігін арттырып, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады. Бұл ретте ата-аналар баласының өздігінен білім алуына байланысты жауапкершілікті арттыру қажет.
№178 лицейде директор Кайратбек Шадиевтің тікелей қадағалауымен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Күлжан Шажабаеваның жетекшілігімен қашықтықтан оқыту сәтімен іске асуда. Қашықтан оқыту жағдайында мұғалім біліктілігін ескере келе, «Педагогикалық шеберлік орталығы» қалалық филиалының менеджер-әдіскері Камария Кожариянованың ұйымдастыруымен бірлесіп жұмыс істеу мақсатында қалалық жетекші және серіктес мектептер физика пәні мұғалімдеріне 2 вебинар өткіздім. «Қашықтан оқыту жағдайында зертханалық жұмысты ұйымдастыруда Phet colorado бағдарламасын қолдану», «Қашықтан оқыту жағдайында ТЖБ тапсырмаларын құрастыру және өткізуді ұйымдастыру жолдары» тақырыптарында тәжірибе алмасып, модераторлармен бірге өз тәжірибеммен бөлістім.
Бүгінгі заманғы білім жүйесі уақыт талабы мен сұранысына сай қарыштап дамуды, әрбір педагогтан жүйелі түрде сабақ беруді талап етеді. Ғылыми жоба ыңғайында сабақ бере білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бұл өз кезегінде мұғалім мен оқушы арасындағы түсінушілікті тереңдетеді. Мұғалім коммуникативтік дамуды: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сындарлы пікір мен әңгімелесуді ұйымдастыра білу керек. Демек, әр мұғалімнің бойында шартты рефлекстік қасиет қалыптасуы қажет: балаларды оқытуда өзіндік тәсілмен жұмыс істеп, қиын жағдайда шешім тауып шыға білуі керек. Қашықтан оқыту курсы, міне, осыған бағытталған.
Қашықтан оқыту жағдайында мен Zoom бағдарламасын қолдана отырып оқушылармен тығыз байланыста болдым. Мұғаліммен, сыныптастармен синхронды (чат, скайп) және асинхронды (пошта, форум) әрекеттесу арқылы интерактивті түрде оқуға болады. Е-learning-тің өзге бір технологиясы – бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары Daryn.Online, Bilimland, Kundelik.kz, Google Classroom платформалары бойынша, оқушыларға күнделікті сабақты түсіндіруде қолдана білдім. Күрделі есептерді шығару кезінде, оқушыларға idroo (электронды тақта) бағдарламасында көрсете келе, практикалық есептер шығаруды үйреттім. Google form бағдарламасы БЖБ мен ТЖБ құрастыруға аса қолайлы, сондай-ақ тексеруге ыңғайлы тест жұмысын құрастыруға өте тиімді екенін айтқым келеді. Мұны өз тәжірибемнен көп байқадым.
Шаһарымыздағы №178 лицей 8 «А» сыныбының оқушыларымен бірлесіп, «Біз — біргеміз!» атты челендж өткізіп, ұстаздарға алғысымызды білдірдік. Сонымен бірге, Skype платформасында Ұлы Жеңіс күніне орай тәрбие сағатын өткізіп, оқушылардың патриоттық сезімін ояту орайында он-лайн сабақтың берері мол екеніне көз жеткіздім. Демек, заман талабы — қашықтан оқыту. Оқытудың осы формасы ұстаз, ата-ана мен шәкірт бірлестігін нығайтып, нәтижелі жұмысты жеделдетеді. Сондықтан жаңа жүйені меңгеру біз үшін де, оқушыға да тиімді деп білемін. Қашықтан оқыту арқылы оқушыны сапалы білімге ұмтылдырып, олардың бойына саналы тәрбиені сіңдіруге болады. Ел ертеңі саналар бүгінгі оқушының білімді болмағы жарқын болашақ үшін қажет.

№ 178 лицейдің физика пәнінің мұғалімі Жұмағулова Сағила.
http://almaty-akshamy.kz/ashy-tan-o-y-tu-n-tizheli-zh-my-sty-zhedeldetedi/


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: