Кафедра жұмысының жаңалықтары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2020

Кафедра жұмысының жаңалықтары

№178 лицейде қазақ тілі мен әдебиеті, қоғамдық-гуманитарлық кафедралардың отырысы өтті. Онлайн түрінде өткен жиынды лицейдің оқу ісінің орынбасары Гүлнафис Абатовна жүргізді. Жиналыста қазіргі уақытта білім саласына енген қашықтықтан оқыту барысында БЖБ, ТЖБ жазудың тәсілдері талқыланып, ол жұмыстар қалай жалғасатындығы айтылды. Білім және ғылым министрлігінен келген нұсқаулықтар таныстырылып өзгерістер туралы мағлұмат берілді. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың қандай болатыны және оны тексергенде қойылатын балл жөніндегі мәселелер қамтылды. Сонымен қатар жиында оқушыларға берілетін тапсырма жеңіл әрі ыңғайлы болып, оқыту барысында үйренген платформалар арқылы алынатыны және де БЖБ уақыты 20 минутқа сәйкес болу керектігі түсіндірілді. БЖБ, ТЖБ бағалау жүйесі сол қалпында қалатыны айтылды. Сондай-ақ, Kundelik.kz, Daryn online, Google форма, Google Classroom платформалары арқылы дайындаудың ыңғайлылығы жөнінде пән мұғалімдері өз әдіс-тәсілдерін ортаға салып, ой бөлісті. Қашықтан оқыту барысында жасаған жұмыстарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: