OnLine режимде №4 педагогикалық кеңес өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » OnLine режимде №4 педагогикалық кеңес өтті
31
март
2020

OnLine режимде №4 педагогикалық кеңес өтті

      31 наурыз 2020 жылы "Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру механизмі» тақырыбында ZOOM платформасында OnLine режимде № 4 педагогикалық кеңес өтті. Лицей директоры К.Х. Шадиев ұжымды «Лицейде 2019-2020 оқу жылының IV тоқсанында қашықтықтан оқытуға көшу туралы» бұйрығымен таныстырып, қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша қадамдық нұсқаулықтар берді. Сонымен қатар, барлық ресурстар түрлеріне (интернет, оқу-әдістемелік кешендер, мұғалімдер әзірлеген материалдар) сүйеніп оқу бағдарламаларын жүзеге асыруда жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталды. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С. ІІІ тоқсандағы қозғалыс есебі, білім сапасының қорытындысы (сандық есеп) бойынша салыстырмалы мониторинг арқылы баяндама жасады. Математика пәнінің мұғалімі Касен Б. мұғалімдерге кері байланыс жүргізу жолдары мен kundelik.kz үй тапсырмаларын беруде нұсқаулық көрсетті. Педагогикалық кеңеске барлық мұғалімдер қатысып, қашықтықтан оқыту бойынша өз сауалдарын қойып, пікір алмасты. Мектеп психологы Асилова Шолпан қашықтықтан оқу процесін ұйымдастыруда пән мұғалімдеріне психологиялық көмек ұсынды. 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: