№178 лицейдің қашықтан оқу барысында «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тәрбие сағаты өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №178 лицейдің қашықтан оқу барысында «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тәрбие сағаты өткізілді
13
май
2020

№178 лицейдің қашықтан оқу барысында «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» тәрбие сағаты өткізілді

Тақырыбы «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі»
Мақсаты балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады.
Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Міне, осы жағдайларды ескере отырып өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында тәрбие сағатында балалар оның шығу себептері, олардан сақтану, болдырмау ережелерімен танысып өтті. Оның ішінде басты 4 себебіне нақты толталып өттік:
1. Отты абайсыз қолдану;
2. Пештің ақаулығы;
3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау;
4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. баллондарды Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкіндігі туралы, қолданар кезде үлкен адаманың көмегіне жүгініп немесе ережені сақтау керектігін баса назарда ұстауымыз тиісті екені туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өрт қауіпті болған жағдайдағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, өмір қауіпсіздік ержесін сақтап,дер кезінде 101 нөміріне хабарласып мән –жайды, мекен-жайды нақты беру керетігі туралы түсініктемлер берілді.
Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.
Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.
Құрметті оқушылар, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды өтінемін. Өрттен сақ болыңыздар !!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: