«Қыс маусымындағы жалпы қауіпсіздік ережелері», «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыс маусымындағы жалпы қауіпсіздік ережелері», «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері»
11
январь
2020

«Қыс маусымындағы жалпы қауіпсіздік ережелері», «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері»

Қыс мезгілі өзінің табиғи ерекшеліктеріне орай адамдарға өзінің ызғарын көрсетеді. Осыған орай 13.01.2020 жылы сағат 11.00-де №178 лицейде «Қыс маусымындағы жалпы қауіпсіздік ережелері», «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Көкшетау техникалық институтына түсу ережелері» атты тақырыпта интербелсенді сабағы  өткізілді. Сабаққа жалпы 9-10 сынып оқушылары қатысты. Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.
Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
- қатпаған мұз үстіне шықпаңдар;
- мұз үстінде топ болып тұрмау керек;
- мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
- биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
- мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
- мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
- өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер. 
Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.
Білім алушыларға теориялық білімдерді түсіндірумен қатар, қауіп-қатерге тап болған жағдайда қолданылатын іс-шараларды тәжірибе жүзінде жүзеге асырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: