«Қыс мезгіліндегі қауіп-қатер және қауіпсіздік» тәрбие сағаттары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыс мезгіліндегі қауіп-қатер және қауіпсіздік» тәрбие сағаттары
21
декабрь
2019

«Қыс мезгіліндегі қауіп-қатер және қауіпсіздік» тәрбие сағаттары

Қыс мезгілі өзінің табиғи ерекшеліктеріне орай адамдарға өзінің ызғарын көрсетеді. Осыған орай 2019 жылғы 21 желтоқсанда  №178 лицейде 5 -11 сыныптар арасында  «Қыс мезгіліндегі қауіп-қатер және қауіпсіздік» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
    Қыста боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.
    Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
    - қатпаған мұз үстіне шықпаңдар;
    - мұз үстінде топ болып тұрмау керек;
    - мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
    - биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
    - мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
    - мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
    - өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер. 
    Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.
    Білім алушыларға теориялық білімдерді түсіндірумен қатар, қауіп-қатерге тап болған жағдайда қолданылатын іс-шараларды тәжірибе жүзінде жүзеге асырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: