Тәуелсіздік – қазағымның төлқұжаты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2019

Тәуелсіздік – қазағымның төлқұжаты

    Желтоқсан айының 10 күні «Тәуелсіздік – қазағымның төлқұжаты, Тәңірім, мәңгілікке мөрін басқан!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты лицейіміздің жанынан құрылған «Ел Жастары» клубы және  кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбековамен бірге Тәуелсіздік күнін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. 
    Тәуелсіздік  – бабаларымыздан, боздақтарымыздан біздерге қалған үлкен сый, аманат. Бабалар мен боздақтардың болашақ ұрпаққа қалдырған басты құндылығы болып табылады. Тәуелсіз еліміз, тек Тәңірге ғана тәуелді болып, көк аспанның көгінде көк туымыз желбіреп, айбынды гимніміз шырқалып, елеулі елтаңбамыз еленіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 
Алда келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын, баршамызға! Тәуелсіздік – ерлік пен елдіктің қайнар көзі.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: