Последние публикации на сайте » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Озық ойлы шәкірттеріміз SDU университетінің 4 жылдық грантының иегері
26
апрель
2024
Озық ойлы шәкірттеріміз SDU университетінің 4 жылдық грантының иегері
     SDU университетінде SPT 2024 олимпиадасы өтті. SPT олимпиадасы - SDU университетінің төл туындысы. Мектеп бітіруші талапкерлерге грант пен жеңілдік ұсынатын республикалық олимпиадаға биыл республиканың әр аймағынан 8100 талапкер қатысты.      SPT олимпиадаға N178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары қатысып,    “математика-физика” кластері бойынша Мырзабекова Марал Ержанқызы, “математика-география” кластері бойынша Нұрланова Даяна Маратқызы SDU University 100% грант иесі атанды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының кәсіби бағдар беру бойынша мамандарымен кездесу
26
апрель
2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының кәсіби бағдар беру бойынша
     Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге арнайы келіп, 9-10 сынып оқушыларына академия жайлы ақпараттарды беріп, 18 мамыр күні академияда өтетін ашық есік күніне лицей оқушыларын шақырды. 
Қалалық колледждердің ашық есік күні өтті
26
апрель
2024
Қалалық колледждердің ашық есік күні өтті
      Лицейіміздің 9-сынып оқушылары Алматы көпсалалы колледжіне барып, қалалық колледждердің ашық есік күніне қатысып келді.
Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандарымен кездесу
25
апрель
2024
Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру
     Қаламыздағы жоғары оқу орындардың бірі Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге келіп, 11-сынып оқушыларына университет жайлы ақпарат берді.
"Мектеп ауласының оазисі" атты қалалық байқауы өткізілді.
25
апрель
2024
"Мектеп ауласының оазисі" атты қалалық байқауы өткізілді.
      "Алматы - біздің ортақ үйіміз" қалалық тазалық науқаны аясында "Мектеп ауласының оазисі" атты қалалық байқауы өткізілді. Бұл шараға лицей ұжымы, оқушылар мен ата-аналар да белсене қатысты. Нәтижесінде, лицей ауласының оазисі ҮЗДІК деп танылып, I орынға ие болды. Бұл - ұстаз, ата-ана мен оқушы одағының жетістігі. Белсене атсалысқандарыңызға алғыс білдіреміз! Лицейіміз көркейіп, жетістіктеріміз арта берсін!  
SDU университетіне қарасты Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультетімен меморандум  жасалды.
24
апрель
2024
SDU университетіне қарасты Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар
     Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы SDU университетіне қарасты Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебековамен ынтымақтастық келісім негізінде саяхат-сабағын, семинарлар мен олимпиадаларды бірге өткізу және өзара тәжірибе алмасу мақсатында арнайы МЕМОРАНДУМ жасады.
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
23
апрель
2024
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
    23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай №178 мамандандырылған лицейдің кітапханашылары 8 ”А” сынып оқушыларымен бірге дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өздерінің ұнатып оқитын кітаптарымен бөлісіп, кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, энциклопедиядан бір-біріне сұрақ-жауап қойды. Ең бастысы, "кітаптың - рухани байлық пен білімнің, тәрбиенің көзі" екенін түсінді. @Біртұтас тәрбие бағдарламасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 383 Вперед