Последние публикации на сайте » Страница 2 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 2
"Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында "Қоқыссыз мектеп" қалалық экологиялық марафонына қатысуда
19
апрель
2024
"Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында "Қоқыссыз мектеп"
     Алматы қаласы Білім басқармасы №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында "Қоқыссыз мектеп" қалалық экологиялық марафонына қатысуда. Оқушылар марафон барысында лицей ауласы мен жақын аймақтарды тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.  Осындай тазалық шаралары, ауқымды марафон, эстафеталар арқылы шәкірттердің экологиялық мәдениетке қалыптасатындығына сенеміз! @kaldybekov_azamat @akimat_alatau @Карлыгаш Акмурзаева  @edu.almaty
"Менің бауырым" еріктілік жобасы аясында өткізілген психологиялық тренинг
18
апрель
2024
"Менің бауырым" еріктілік жобасы аясында өткізілген психологиялық
    Алматы қаласында "Менің бауырым" еріктілік жобасын жүзеге асыру бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Жоба аясында №178 мамандандырылған лицейдің 7-8 сынып оқушыларының арасында көңілді үзіліс өткізіліп, психологиялық ойындар ойнатылды. Бұл ойындар балалардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. #меніңбауырым  #көңілдіүзіліс
«Мектеп ауласы оазисі» ландшафтты дизайн жобасы
18
апрель
2024
«Мектеп ауласы оазисі» ландшафтты дизайн жобасы
     Көгілдір кеңістік! Сиқырлы әлем! Гүлдей жайнаған лицей ауласы, керемет ғажап дүние! Лицей ауласы білім мекемесінің – көрнекті келбеті. Келуші бір қарағанда лицейдің ауласына қарап алғашқы ойы қалыптасады. Тақырыптық және талғаммен көгалдандырылған лицей ауласы – білім беру ортасының бір бөлігі ғана емес, сонымен бірге демалыс пен шабыттандыратын орын.       Лицей аумағы жыл сайын жаңа өсімдік түрлерімен толығып отырады. Оқушылар мен мұғалімдер лицей аумағын абаттандыруда аянбай еңбек
"Менің бауырым" еріктілік жобасының аясында "Экология және біз" атты танымдық сабақ өткізілді
17
апрель
2024
"Менің бауырым" еріктілік жобасының аясында "Экология және біз" атты
      Алматы қаласы №178 мамандандырылған лицейдің 8-сынып оқушыларына "Менің бауырым" еріктілік жобасының аясында "Экология және біз" атты танымдық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар тек экология жайлы талқылап қана қоймай, өзара пікір алмасып, өз ұсыныстарын да білдірді.  #меніңбауырым   #экология
"Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?" атты сынып сағаттары мен түсіндірме жұмыстары өткізілді
16
апрель
2024
"Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?" атты сынып
      16.04.2024 жылы лицейдің 7-11 сынып оқушыларына "Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?" атты сынып сағаттары мен түсіндірме жұмыстары өткізілді.  Мақсаттары: 1. Демократиялық құндылықтарды қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сана деңгейін арттыру; 2. Оқушыларды республикалық референдумның мәні мен маңызы туралы хабардар ету; 3. Оқушылар арасында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.