Последние публикации на сайте » Страница 6 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 6
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
19
март
2024
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
     Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Осы орайда, Наурызнама онкүндігіне сай Алматы қаласы, Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейдің 8 ”И” сынып оқушылары "Жақсылық жасап жарысайық" қамқорлық акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Іс-шара барысында лицей оқушылары өзара көмек пен қайырымдылықтың мерекесінде Наурыз мейрамымен де құттықтады. 
«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
19
март
2024
«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
     Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Б" сынып оқушыларымен Наурызнама аясында «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.        Мақсаты - Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу қарсаңында оқушыларға қазақ халқының ұлттық мерекесі «Наурыз мейрамы» жайлы түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту, оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Ханасилова С.
Қыз – ұлттың айнасы
18
март
2024
Қыз – ұлттың айнасы
      Наурыз мерекесі қарсаңында лицейімізде «Қыз – ұлттың айнасы» атты қыз сыны байқауы өтті. 9-10 сынып оқушылары арасында өткен бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартымдылығымен, қызыққа толы көріністерімен ерекшеленді. Бірнеше бөлім бойынша – таныстырылым, ән айту, би билеу, интеллектуалдық сұрақтар, дефиле, қолөнер жұмыстары секілді сан түрлі өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қызығушылығын тудырды. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы сыйлықтар
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна «Я профессионал» олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегері атанды
18
март
2024
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна «Я
      2024 жылы 14 ақпан күні «Я профессионал» олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Пәндік құзыреттілікті дамыту; кәсіби өсуді ынталандыру; қоғамдағы педагог мамандығының беделін арттыру мақсатында өткізілген олимпиадада лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз! 
Ұлттық киім - ұрпаққа мұра
18
март
2024
Ұлттық киім - ұрпаққа мұра
      "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім - ұрпаққа мұра» тақырыбында лицей оқушыларымен ұлттық челлендж түсірілді. Мақсаты: ұлттық киімді дәріптеу мен ұлықтау, ұлттық киімдерді таныстыру. 
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
18
март
2024
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
«№178 мамандандырылған лицей» КММ-де мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері  кезекті тексеру жұмыстарын наурыз айының 18-і күні жүргізді.Мониторинг тексеруі кезінде, ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, сақтау шарттары, тамақ дайындау сапасы, тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық ережелерін сақтауы бойынша тексеріс жасалды. Күнделікті ас
Көрісу күні – Амал мерекесі
15
март
2024
Көрісу күні – Амал мерекесі
      Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар.        7 "Ғ" және 8 "З" сынып оқушылары мерекеге орай ұстаздар мен оқушыларды салтанатты түрде қарсы алып, мерекелерімен құттықтады. Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын!