Последние публикации на сайте » Страница 8 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 8
Ұлттық спорт - ұлт келбеті
20
март
2024
Ұлттық спорт - ұлт келбеті
      Бүгін, Наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Ұлттық спорт күніне орай, №178 мамандандырылған лицей ұстаздары ұлттық би билеп, ұлттық ойындар ойнады.       Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.
"Күй күмбірі" Республикалық челленджі
20
март
2024
"Күй күмбірі" Республикалық челленджі
      Алматы қаласы  Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицей оқушылары Наурыз мерекесі қарсаңында "Күй күмбірі" Республикалық челленджіне қатысып, ұлттық күй шертті. Челлендж мақсаты: оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге оны сақтап болашақ жастарға үлгі етіп көрсетуге дәріптеу.  
«Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды
19
март
2024
«Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды
      Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы «Наурызнама» онкүндігі жалғасын тауып,  «Наурыздың тамаша табиғаты» тақырыбында №178 мамандандырылған лицейдің 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар көрмеге тамаша табиғат бейнеленген суреттері мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. 
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
19
март
2024
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
     Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Осы орайда, Наурызнама онкүндігіне сай Алматы қаласы, Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейдің 8 ”И” сынып оқушылары "Жақсылық жасап жарысайық" қамқорлық акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Іс-шара барысында лицей оқушылары өзара көмек пен қайырымдылықтың мерекесінде Наурыз мейрамымен де құттықтады. 
«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
19
март
2024
«Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті
     Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Б" сынып оқушыларымен Наурызнама аясында «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.        Мақсаты - Ұлыстың ұлы күнін мерекелеу қарсаңында оқушыларға қазақ халқының ұлттық мерекесі «Наурыз мейрамы» жайлы түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту, оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Ханасилова С.
Қыз – ұлттың айнасы
18
март
2024
Қыз – ұлттың айнасы
      Наурыз мерекесі қарсаңында лицейімізде «Қыз – ұлттың айнасы» атты қыз сыны байқауы өтті. 9-10 сынып оқушылары арасында өткен бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартымдылығымен, қызыққа толы көріністерімен ерекшеленді. Бірнеше бөлім бойынша – таныстырылым, ән айту, би билеу, интеллектуалдық сұрақтар, дефиле, қолөнер жұмыстары секілді сан түрлі өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қызығушылығын тудырды. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы сыйлықтар
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна «Я профессионал» олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегері атанды
18
март
2024
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна «Я
      2024 жылы 14 ақпан күні «Я профессионал» олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Пәндік құзыреттілікті дамыту; кәсіби өсуді ынталандыру; қоғамдағы педагог мамандығының беделін арттыру мақсатында өткізілген олимпиадада лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ханасилова Сабина Курымбаевна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!