Последние публикации на сайте » Страница 9 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 9
Көрісу күні – Амал мерекесі
15
март
2024
Көрісу күні – Амал мерекесі
      Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар.        7 "Ғ" және 8 "З" сынып оқушылары мерекеге орай ұстаздар мен оқушыларды салтанатты түрде қарсы алып, мерекелерімен құттықтады. Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! 
Лицейіміздің 8-сынып оқушылары "Alatau Creative Hub" орталығында  "Алғыс айта білейік!" тақырыбында өткен эссе байқауына қатысып, жеңімпаз атанды
15
март
2024
Лицейіміздің 8-сынып оқушылары "Alatau Creative Hub" орталығында
      Лицейіміздің 8-сынып оқушылары "Alatau Creative Hub" орталығында  "Алғыс айта білейік!" тақырыбында өткен эссе байқауына қатысып, жеңімпаз және жүлдегер атанып, орталықтың атынан мадақтама және медалдармен  марапатталды.  Биылғы оқу жылында лицей әкімшілігі аталған орталықпен ынтымақтастық келісімге келудің арқасында көптеген жұмыстарды бірлесіп атқаруда.  Жеңімпаз және жүлдегер оқушылар:  Бас жүлде — Төкен Алуа  І орын — Момынжанова Сая мен Алжанбайқызы Ділдә.  ІІ орын — Сіргебай Еңлік
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
15
март
2024
"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
      15 наурыз - қайырымдылық күні. Әрі мейірімділікті, татулықты насихаттайтын игі күн. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.  Осы орайда, Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 178 мамандандырылған лицей оқушылары "Жақсылық жасап жарысайық" қамқорлық акциясы аясында "Шаңырақ" ӘҚК орталығына барып қайтты. Іс-шара барысында лицей оқушылары қарттарға тәттілерін ұсынып, өзара көмек пен
«Ұшқыр доп» атты гандболдан қыздар арасында қалалық іріктеу жарысында лицей қыздар командасы 3-орынды иеленді
14
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандболдан қыздар арасында қалалық іріктеу жарысында
      14.03.2024 жылы №85 ЖББ мектепте «Ұлттық мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты   гандболдан 9-11 сынып оқушыларының қыздар арасында қалалық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа әр ауданнан ең мықты деген командалар қатысты. Жарыс өте қызықты, әрі тартысты өтті. Нәтижесінде, Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейдің қыздар командасы 3-орынға ие болды.  Жаттықтырушысы: Утешова Мейрхан Кауынтаевна. Қыздарымызды, жеңістерімен  құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!
9"Б" сынып оқушысы Оразхан Бақдәулет "Digital Farabi" халықаралық форумына қатысты
14
март
2024
9"Б" сынып оқушысы Оразхан Бақдәулет "Digital Farabi" халықаралық
      №178 мамандандырылған лицейдің 9"Б" сынып оқушысы Оразхан Бақдәулет 23.02.24 жылы өткен халықаралық форум Digital Farabi-ге қатысып, өзінің "Гаусс пушкасы" жобасын қорғап шықты. Жарайсың! 
Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл
13
март
2024
Жүсіпбек Аймауытұлының туғанына – 135 жыл
      Мерейлі күнге орай, №178 мамандандырылған лицейдің 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен  сынып сағаттары өтті. Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист тұлғаның өмір жолын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, тағылымын тарату өте маңызды. Өйткені, Жүсіпбек Аймауытұлының әр туындысы патриоттық сезім мен күрескерлік рухқа толы.
8 "Е" сыныбы «Қазақ мәдениетінің тарихы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді
13
март
2024
8 "Е" сыныбы «Қазақ мәдениетінің тарихы» тақырыбында сыныптан тыс
      Мәдениет дегеніміз – адамдардың  өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруы  және материалдық-рухани  байлықты  жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі. Дәстүрлі мәдениетті дамытуда қазақ халқы әлемдік мәдениет тарихында өшпес із қалдырды және келешек ұрпаққа аманат етіп табыстады.        Осы орайда, 14 наурыз – "Көрісу күні – Амал мерекесі" аясында 8 "Е" сыныбы «Қазақ мәдениетінің тарихы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сынып жетекшісі: Орынқұл И.