Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының Республикалық кезеңі
11
март
2023
Математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасының Республикалық кезеңі
2023 жылы 11 наурыз күні 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» олимпиадасының Республикалық кезеңі Алматы қаласы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтті.  Біздің лицейден 12 оқушы қатысып, оның 9-ы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, ІІ дәрежелі дипломмен 5-оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 4 оқушы марапатталды. Дарынды оқушыларымыздың жеткен жетістіктері құтты болсын!
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 7-СЫНЫБЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
08
февраль
2023
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 7-СЫНЫБЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Құрметті 6 сынып оқушылары мен ата-аналары!     Сіздерді 7 сыныптан бастап, республикамыздағы үздік оқу орындарының бірі, дарынды балаларға арналған №178 мамандандырылған лицейде білім алуға шақырамыз!  Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі. 7-сыныпқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша тест (75 сұрақ) тапсырады: Математика және логика - 55 сұрақ; Оқу сауаттылығы - 10 сұрақ; Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
Мамандандырылған мектептерге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА арналған тіркеудің басталатындығы туралы
01
февраль
2023
Мамандандырылған мектептерге оқуға түсу үшін ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастайтындығын хабарлайды.Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады. Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз.Толық ақпарат www.qabyldau.daryn.kz сайтында.
Оқушылардың көктемгі каникулы 19-31 наурыз аралығында өтеді.
16
март
2022
Оқушылардың көктемгі каникулы 19-31 наурыз аралығында өтеді.
        Келесі аптада оқушыларымыздың көктемгі каникулы басталады. Демалыс 2022 жылғы 19 наурыздан басталып, 30 наурызды қоса алғанда 12 күнге созылады. Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық бағаларын жақсартуларына тілектеспін.
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары қолөнер жұмыстарын насихаттауда.
22
февраль
2022
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары қолөнер жұмыстарын насихаттауда.
  Қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – әр мектептің басты әрекеті. Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының дәстүрі, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйрету қажет. Осы орайда лицейде оқушыларды қолөнерге баулу, олардың шеберлігін дамыту қолға алынған. Мәселен, 6 "Б" сынып оқушылары бүгінгі көркем еңбек сабағында қолөнер жұмыстарын дәріптеп, өрмек тоқуды насихаттады.
6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле  С. Мұратбековтің "Жусан иісі" повесі арқылы өз шығармашылығын шыңдауда.
22
февраль
2022
6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле С. Мұратбековтің "Жусан иісі"
   Соғыс жылдарындағы ауыл тұрмысын шығармаларына арқау еткен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің бас кейіпкері – Аян. «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын ертегілерді ойдан шығаратын Аян бақытты балалық шақтың қызығын көрмей өскен. Осы кейіпкердің хикаяты жайлы лицейдің 6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле оқып шығып, өз шығармашылығын шыңдауда.
"Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс
22
февраль
2022
"Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс
Ең құнды сыйлық бұл – қолдан жасалған туынды. Өз қолыңызбен сыйлық жасау жағымды әрі пайдалы, ол қиялды дамытады және біздің дағдылар ауқымын кеңейтеді. Сонымен қатар, сіздің сүйікті адамдарыңыз сізге өз жанының бір бөлігін және жылы қарым-қатынасты салған эксклюзивті сыйлықты сыйлық ретінде алу өте жағымды. Өзін-өзі басқару ұйымының "Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс алда келе жатқан 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай қолдан анасына мерекелік сыйлық дайындау үстінде.
🎯ЖАДЫНАМА: "Кибербуллинг - балаңызды интернеттегі шабуылдан қалай қорғауға болады"
18
февраль
2022
🎯ЖАДЫНАМА: "Кибербуллинг - балаңызды интернеттегі шабуылдан қалай
🎯ЖАДЫНАМА: "Кибербуллинг - балаңызды интернеттегі шабуылдан қалай қорғауға болады" (ата-аналарға арналған)