Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылар Ауған ардагерлеріне арналып қойылған ескерткішке  тағзым жасап, гүл шоқтарын қойып қайтты.
16
февраль
2022
Оқушылар Ауған ардагерлеріне арналып қойылған ескерткішке тағзым
   Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. №178 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен 9 "И" сынып оқушылары Ауған ардагерлеріне арналып қойылған ескерткішке тағзым жасап, гүл шоқтарын қойып қайтты.
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында 7-сыныптар арасында "Ұлттық тағамдар мәзірі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
16
февраль
2022
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында 7-сыныптар арасында "Ұлттық
   15 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында 7-сыныптар арасында "Ұлттық тағамдар мәзірі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: қазақтың дастарқаны туралы толық мәлімет алу, салыстыру, қазақтың ұлттық тағамдарының түрлерімен танысып білу.
«Сенім-менің серігім» тақырыбында тренинг өткізілді.
16
февраль
2022
«Сенім-менің серігім» тақырыбында тренинг өткізілді.
   №178 мамандандырылған лицейдің психологі Ж.А.Агажанова 11-сынып оқушыларымен «Сенім-менің серігім» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг негізінде оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, стресстік қалыптан арылту мақсатында "Өрмекші торы", "Құнды қасиеттер" және "Суретті жалғастыр" жаттығулары жүргізілді.
«Адам өмірін сақтау» бөлімі бойынша «Адам және Табиғат» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
15
февраль
2022
«Адам өмірін сақтау» бөлімі бойынша «Адам және Табиғат» тақырыбында
№ 178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ж.А.Уразбаева 10 «В» сынып оқушыларымен «Адам өмірін сақтау» бөлімі бойынша «Адам және Табиғат» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта белсенді әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылды, ал олар өз кезегінде қазіргі уақытта туындап отырған ғаламдық мәселелерді байланыстыра отырып, ойларын өте дәл әрі көркем тілмен жеткізе білді. Оқушылар қоғамдағы экологиялық мәселелер
С.Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі. Рухани қазына» тақырыбында сабақ өткізілді.
15
февраль
2022
С.Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі. Рухани қазына» тақырыбында сабақ
№178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Э.Ж. Рапилова 6-сынып оқушыларымен С.Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі. Рухани қазына» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың шығарма мазмұнын аша білуі, шығармадан алған эмоцияларын жазып, шығарма эпизодтары негізінде типтік бейнені ажыратып, кейіпкерлерді жіктей алуы, ойын жинақы жеткізе білуі, оқушы белсенділігі мұғалімнің оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін
"ТАҢҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУ" 👨‍👩‍👧челленджіне  қатысып белсенділік танытқан үшін отбасылар марапатталды.
15
февраль
2022
"ТАҢҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУ" 👨‍👩‍👧челленджіне қатысып белсенділік
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "ТАҢҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ЖАТТЫҒУ" 👨‍👩‍👧челленджіне белсенділік танытып, қатысқандары үшін ✅ 9 “И” сыныбынан Санатбек отбасы, Базкен отбасы ✅ 9 "Е" сыныбынан Зикировтар отбасы, ✅ 6 "В" сыныбынан Уәлихановтар отбасы №178 мамандандырылған лицей директоры Қ.Х. Шадиевтің марапатына ие болды. Алда да белсенділік танытып, бірлесе жұмыс атқаратынымызға кәміл сенеміз! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық тілейміз.Марапаттарыңыз құтты
“IPPON” дзюдо мектебінің турниріне лицей оқушысы Аманбекұлы Абдуссәлам қатысып, жүлделі II орынды иеленді.
15
февраль
2022
“IPPON” дзюдо мектебінің турниріне лицей оқушысы Аманбекұлы
Дзю-до – жапондардың ұлттық күрес ойыны, спорттың түрі. ХІХ ғ-дың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Қазақстанда ХХ ғ-дың 60-жылдарынан бері дамып келеді. “IPPON” дзюдо мектебінің турниріне N178 мамандандырылған лицей оқушысы Аманбекұлы Абдуссәлам қатысып, жүлделі II орынды иеленді. “Шынықсаң, шымыр боласың” демекші, Абдуссәлам, денсаулығың мықты болсын, тек қана биік шыңнан көріне бер!!!
“Үзілісте кітап оқиық” тақырыбында оқушылар кітап оқып, өзара оқыған кітаптарымен пікірлесті.
15
февраль
2022
“Үзілісте кітап оқиық” тақырыбында оқушылар кітап оқып, өзара оқыған
Оқуға құштар бағдарламасы аясында лицейімізде үзіліс арасында оқушылармен кітап іс-әрекеті ұйымдастырылып отырады. Бүгін лицейімізде “Үзілісте кітап оқиық” тақырыбында оқушылар кітап оқып, өзара оқыған кітаптарымен пікірлесті. #Мектеп парламенті #Өзін-өзі басқару ұйымы @kairatbekshadiev @akmurzaevakarlygash @edu.almaty @almaty_mektepteri @alatau_bilim_bolimi
Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді.
15
февраль
2022
Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді.
   №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын шахмат үйірмесі жұмыс жасайды. Жетекшісі - Амонбаев Сино.  Шахмат - мінез-құлықты тәрбиелейді. Әр балаға бір орында тапжылмай ұзақ отыру қиын-ақ. Ал шахмат ойыны кезінде оқушылар сағаттап бір орында қалай отырғанын өздері де аңғармай қалады. Бала осылай салмақтылықты, сабырлылықты үйренеді.
«Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
15
февраль
2022
«Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
№ 178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Женсикбаева Н.Б. 8 «Ғ» сынып оқушыларымен «Отан! Табиғат! Жер-Ана!" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар қоғамдағы экологиялық мәселелер жайында кең мағлұмат алып, табиғатты қорғау, Отанды сүю, Жер-Ананы қадірлеудің маңызын тереңінен түсіне білді. Сабақта мұғалім АКТ-ні шебер қолданып,оқушылардың қызығушылықтарын оята білді. Сабақ өз мақсатына жетті.