Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ағымдағы жылы №178 мамандандырылған лицей физика-математика, IT бағытындағы мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық келісім орнатты
18
октябрь
2023
Ағымдағы жылы №178 мамандандырылған лицей физика-математика, IT
     Биылғы оқу жылында N178 мамандандырылған лицей физика-математика, IT бағытындағы мамандықтар бойынша бірнеше жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық келісім орнатты. Сонымен қатар лицей әкімшілігі химия-биология сыныптары үшін С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетімен Меморандум жасады. Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мен аталмыш университеттің академиялық істер жөніндегі проректоры Калматаева Жанна Амантаевна арасында ортақ келісім орнады.       Химия-биология
Эстетикалық пәндер кафедрасының «Болашаққа еңбекқор, білімді, өнерлі және дені сау ұрпақ» атты онкүндігінің ашылу салтанаты
16
октябрь
2023
Эстетикалық пәндер кафедрасының «Болашаққа еңбекқор, білімді, өнерлі
   Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық кафедрасының «Болашаққа еңбекқор, білімді, өнерлі және дені сау ұрпақ» атты онкүндігінің ашылу салтанатты кеші өтті. Кафедраның онкүндігінің ашылуымен лицейіміздің директоры Қайратбек Хамзаханұлы Шадиев құттықтап, пән мұғалімдеріне осы онкүндік барысында осы пәндер бойынша бар білімдеріміздің, ойларымыздың биіктікке шыққан, мынау дағдыларымызды көрсететін кезең екенін айтып, пән мұғалімдеріне осы онкүндікте, бар
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен меморандум
16
октябрь
2023
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен меморандум
     Лицей әкімшілігі қазіргі таңда көптеген жоғары оқу орындарымен арнайы меморандум арқылы ынтымақтастық келісім жасады. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар дамыған заманда ІТ саласы ерекше сұранысқа ие. Себебі, қоғамда, белгілі бір ортада, иә мекемелерде атқарылып жатқан жұмыстар ақпарат арқылы жарыққа шығып, кеңінен насихатталып отырады. Сол мақсатпен лицей әкімшілігі қаламыздағы ең беделді университеттердің бірі Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетімен меморандум жасап, қос
«Lesson Study арқылы мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті
13
октябрь
2023
«Lesson Study арқылы мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту»
   №178 мамандандырылған лицейде «Lesson Study арқылы мұғалімнің зерттеушілік құзіреттілігін дамыту» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өтті. Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО» АҚФ республикалық кәсіби даму институтының тренері А.Ы.Есентаева және осы институтта «5-9 сыныптар бойынша информатика пәндерінің пәндік құзырлығын дамыту» тақырыбымен білім жетілдіру курсынан өтіп жатқан пән мұғалімдері қатысты.     Лицей директоры К.Х.Шадиев Lesson Study мұғалім тәжірибесі
7 «Д»сыныбына «Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі» атты физика пәнінен ашық сабақ өтті
13
октябрь
2023
7 «Д»сыныбына «Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі» атты физика
     №178 мамандандырылған лицейдің информатика пәні мұғалімі Бақытова Айша 7 «Д»сыныбына ашық сабақ өткізді.  Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі». Сабақтың мақсаты: компьютерлік желілерді талдау.  Сабақтың мақсатына жету барысында,әр түрлі цифрлық ресурстарды пайдаландым, оқушылар жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындады. Оқушылар практикалық бөлімде “роботтан хат” атты жасанды интеллекты қолдана отырып, компьютерлік желіні топтастырып тапсырманы орындады. Сабақты
"Қатты денелердің балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншікті балқу жылуы" тақырыбында ашық сабақ өтті
13
октябрь
2023
"Қатты денелердің балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншікті
     Физика-информатика кафедрасының онкүндігі аясында физика пәні мұғалімі Ақын Гүлназ 8«Ж» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердің балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншікті балқу жылуы. Сабақтың мақсаты: МКТ негізінде заттың қатты күйден сұйық күйге және керісінше өтуін сипаттау; балқу/кристалдану  кезіндегі жұтылатын/бөлінетін  жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдана алу; Балқу/кристалдану  кезіндегі жұтылатын/бөлінетін  жылу мөлшеріне есептер
9-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқық
13
октябрь
2023
9-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқық
Алатау ауданы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Омаров Данияр Тұрсынұлы мен Алатау ауданы полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Дарикулов Исатай Махамбетұлының қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.  
Кино – эстетикалық  тәрбие берудің бірден-бір құралы.
13
октябрь
2023
Кино – эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы.
     «Баланы жастан» демекші, халқымыздың салтында бар құндылық – ол балаларды жастайынан мейірімділік пен ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ертеден ұлтымыз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген, ал қазір инновация дамыған заманда балаларды ынталандырып, дамуларына бірден-бір септігін тигізуші күш ол – әлеуметтік желілер. Әр адамның тәрбиелеу әдісі әртүрлі. Дегенмен, әлем ғалымдарының кеңесінше, жасөспірімдерге жақсы, мағынасы бар фильмдер көрсету бала психологиясының жақсы жаққа өзгеруіне көп
«Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында QUIZ ойын ұйымдастырылды.
12
октябрь
2023
«Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында
     Оқушылардың физика пәніне қызығушылықтарын артыру мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында физика пәнінің мұғалімі Н.Әкбар 8-сыныптар арасында «Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында QUIZ ойын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар танымдық ойы мен зияткерлігін логикалық тұрғыда таныта білді.
«Жылдамдық, орташа жылдамдықты есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
11
октябрь
2023
«Жылдамдық, орташа жылдамдықты есептеу» тақырыбында ашық сабақ
     «Тылсым энергия мен сандық ғылымдар әлемі» тақырыбында физика-информатика кафедрасының онкүндігі жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Ғ.Т. Жиенбекова 7 «Ғ» сыныбымен «Жылдамдық, орташа жылдамдықты есептеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: Орташа жылдамдықты есептер шығару; физика кабинетінде кауіпсіздік ережелерін білу жане сактау.