Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
2023-24 оқу жылында іріктеу нәтижесінде қабылданған 7 "Ғ" сынып оқушысы Манарбек Аңсар Алматы қаласы кубогының иегері атанды  сынып оқушысы
21
ноябрь
2023
2023-24 оқу жылында іріктеу нәтижесінде қабылданған 7 "Ғ" сынып
     "Дивизион В" санаты бойынша "ФК Қайрат" командасының  ойыншысы №178 мамандандырылған лицейдің 7 "Ғ" сынып оқушысы Манарбек Аңсар 1-орынды иеленіп, Алматы қаласы кубогының иегері атанды. ЖАРАЙСЫҢ, АҢСАР!
Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сүйіспеншілік - шынайы сезім” тақырыбында ашық сабақ өткізді
20
ноябрь
2023
Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сүйіспеншілік - шынайы сезім” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім өткізілген сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер пайдаланып, сабақтың оқу мақсатына жетті.  
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Кітап оқу” сайысының  ІІ кезеңі де тәмам
20
ноябрь
2023
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Кітап оқу”
     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өткізіліп жатқан “Кітап оқу” сайысының  ІІ кезеңі де өз мәресіне жетті. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” кітапқұмар оқушыларымызға  ертеңгі соңғы кезеңде сәттілік тілейміз!  
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Кенжебаева Мая Кыпшаковна  “Тәуелсіздік тағылымы” тақырыбында ашық сабақ өткізді
20
ноябрь
2023
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- сарапшы
     “Мәңгілік ел- мәртебелі тіл” атты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Кенжебаева Мая Кыпшаковна  “Тәуелсіздік тағлымы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мая Кыпшаковна  сабақ барысында оқушылардың танымдық ойы мен шығармашылығын сабақтастыра білді.
11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
18
ноябрь
2023
11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ»
     2023  жылдың 18 қараша күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің 11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста: - Жеке оқушылардың және сыныптың білім үлгерімі, ішкі тәртібі, сынып мәселесі; -  «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында сынып жетекшісі Эльмира Жанатқызы; - Лицейдің ішкі тәртібі, балалардың тәртібі жайлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Әубәкірқызы; - Балалардың
11 "Ә" сыныбында "Ұрпақ болашағы - тәрбие мен білімде" тақырыбында ата-аналар жиналысы
17
ноябрь
2023
11 "Ә" сыныбында "Ұрпақ болашағы - тәрбие мен білімде" тақырыбында
     Қараша айының 18-і күні 11 "ә" сыныбында "Ұрпақ болашағы - тәрбие мен білімде" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.       Жиналыста сынып жетекші  - Досқожаева Н. Е. ситуациялық жаттығулар арқылы баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлін, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулармен жүзеге асырумен қатар,  11 сынып оқушыларының  жазған "Ашық хаттары" арқылы жан тебірентерлік сырларын  аналарына жеткізуге көмектесті.       Сонымен қатар,
“Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді
17
ноябрь
2023
“Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді
     «Мәңгілік ел –  мәртебелі тіл» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы онкүндігінің аясында “Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты: оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, ана тілін ардақтауға, халықтың әні мен күйін сүюге тәрбиелеу. Іс-шарада 9 «Ж» және «9Ж»  сынып оқушылары дайындаған «Бұл кино бұрынғыдан өзгерек» тақырыбында танымал қазақ киносынан алынған үзіндіге дыбыстық дубляж жасау шеберлігін тамашалап, актерлық шеберлік
“Кітап оқу” сайысының  І кезеңі өз мәресіне жетті
17
ноябрь
2023
“Кітап оқу” сайысының І кезеңі өз мәресіне жетті
     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында “Оқуға құштар мектеп” жобасы негізінде өткізіліп жатқан “Кітап оқу” сайысының  І кезеңі аяқталды.  Қатысуға ниет білдірген 50 оқушының 25 -і кітап бойынша жазбаша алған тест уақытында жауап берді.  Жоғары балл жинаған төмендегі 17 оқушы ІІ кезеңге өтті. 1. Жадигер Нұрай 8 11“Б” 2. Адылбекқызы Каусар 8 “Д” 3. Кулшынбаева Райана 9 “Ж” 4. Сакенов Баймұрат 7 “Д” 5. Құрмаш Абылайхан 7 “А” 6. Анель Баяш 9 “Ж” 7. Сейтжан Ажар 8 “Ғ” 8.
7«Ә» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы
17
ноябрь
2023
7«Ә» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ»
     №178 мамандандырылған лицейдің 7«Ә» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста қаралған мәселелер: - Бала тәрбиелеудегі ата-ана мен ұстаздың рөлі; - Оқушылардың білім сапасы, оқу үлгерімі,ішкі тәртібі.   Жиналыс барысында ата-аналар өзара пікір алмасып, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Лицей ұжымына, пән мұғалімдеріне алғысын білдірді.
Математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Амалбекова Лунара Еркиновна «Педагогикалық олимп» байқауының жеңімпазы атанды
17
ноябрь
2023
Математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Амалбекова Лунара
     2023 жылы 17 қараша күні Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Педагогикалық олимп» байқауында лицейдің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Амалбекова Лунара Еркиновна жеңімпаз атанып, қалалық кезеңге жолдама алды. Лунара Еркиновна лицей ұжымы сізге қалалық кезеңде сәттілік тілейді.  Ал, бүгінгі жеңісіңізге құтты болсын демекпіз.