Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кино – эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы.
13
октябрь
2023

Кино – эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы.

     «Баланы жастан» демекші, халқымыздың салтында бар құндылық – ол балаларды жастайынан мейірімділік пен ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ертеден ұлтымыз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген, ал қазір инновация дамыған заманда балаларды ынталандырып, дамуларына бірден-бір септігін тигізуші күш ол – әлеуметтік желілер. Әр адамның тәрбиелеу әдісі әртүрлі. Дегенмен, әлем ғалымдарының кеңесінше, жасөспірімдерге жақсы, мағынасы бар фильмдер көрсету бала психологиясының жақсы жаққа өзгеруіне көп септігін тигізеді екен.
12 қазан күні лицей оқушылары Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылған, «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан-жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы баяндалған «Міржақып. Оян, Қазақ!» киносын көріп, алған әсерлерімен бөлісті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: