Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының грамотасымен марапатталды.
05
сентябрь
2022
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және
    №178 мамандандырылған лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берик Набиевич жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен шеберлігі үшін “Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының грамотасымен марапатталды.  
“Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді
02
сентябрь
2022
“Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында сынып
N178 мамандандырылған лицейде жас ұрпақтың бойына елге сүйіспеншілік, еңбекке қызығушылық, тұлғалық даму құндылығын дарытуға арналған, қоғам талабына сай өз тілін сүйетін, білімді, өнерлі, ақыл-парасатты азаматтарды тәрбиелеуге жетелейтін жалпы сынып сағаты өткізілді. 6-11 сыныптар арасында өтілген сынып сағаты “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында жоғарыда айтылған құндылықтарды зерделей отырып, оқушылардың өзара пікірлесіп, ой тұжырымдарын айтуға мүмкіндік берді.
"Терең білім - еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" атты алғашқы қоңырау салтанаты өткізілді.
01
сентябрь
2022
"Терең білім - еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" атты алғашқы
    Лицейімізде 1 қыркүйек - Білім күніне орай 6-11 сыныптар арасында "Терең білім - еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында алғашқы қоңырау салтанаты өткізілді. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушыларды жаңа оқу жылының жағымды да, жақсы жаңалықтарын тілге тиек етіп, жазғы демалыстан келген оқушыларымыздың бойына көтеріңкі көңіл-күй мен лицей атмосферасын қалыптастыру.      Алғашқы қоңырауда Алатау ауданының әкімінің орынбасары Бесиров Ертіс
Орта білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің сессия жұмысы өткізілді.
26
август
2022
Орта білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің сессия
    Тамыз айының 26 күні Алматы қаласы Білім басқармасы Орта білім беру ұйымдарындағы ағылшын тілі мұғалімдерінің сессия жұмысының кезекті «Тамыз кеңесі» өткізілді. Оқу сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған кеңесте №178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы «Teaching English through songs» тақырыбында интерактивті алаң құрып, жас ұрпақ бойына сапалы білім және ұлттық құндылық қалыптастырудағы шығармашылық табыстары үшін құрмет грамотасымен
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Диляра Темирхали триатлоннан ІІІ орынға ие болды
24
август
2022
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Диляра Темирхали триатлоннан ІІІ
Лицейіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Диляра Темирхали Қонаев қаласында триатлон спорт түрі бойынша өткен облыстық біріншілікте жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құтты болсын!
Лицей ұжымы "Alatau Creative Hub" орталығының директоры Айгүл Мәлікқызының алғыс хатымен марапатталды.
23
август
2022
Лицей ұжымы "Alatau Creative Hub" орталығының директоры Айгүл
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы "Alatau Creative Hub" орталығының директоры Айгүл Мәлікқызының алғыс хатымен марапатталды. Биылғы жазғы демалыс кезінде лицейіміздің "Volunteers_of178" еріктілер тобының оқушылары аталған орталықта ауданымыздың бастауыш сынып оқушыларына тегін сабақ беруге сенім білдіргені үшін арнайы алғыс білдірілген.  
"Физика пәні мұғалімінің кәсіби құзерттілігін дамыту" тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарға лицей ұжымы белсене қатысты
22
август
2022
"Физика пәні мұғалімінің кәсіби құзерттілігін дамыту" тақырыбындағы
Қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне арналған "Физика пәні мұғалімінің кәсіби құзерттілігін дамыту" тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарға белсене қатысқан үшін N178 мамандандырылған лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович "Өрлеу" БАҰО" АҚ Алматы облысы кәсіби даму институты филиалы директорының  құрмет грамотасымен  марапатталды
ҚР Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды
17
август
2022
ҚР Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі
ҚР Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды. Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Оқу жылындағы демалыс күндері 1–11 сыныптарда: күзгі – 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін); қысқы – 7 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін); көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызға дейін).
"Dostykka toly ystyk jaz" SHOKHAN CUP IV" ашық аймақтық дебат турнирі өтті
16
август
2022
"Dostykka toly ystyk jaz" SHOKHAN CUP IV" ашық аймақтық дебат турнирі
✅ 2022 жылғы 10 тамызда 2️⃣0️⃣2️⃣2️⃣ - Балалар жылы аясында ұйымдастырылған "Dostykka toly ystyk jaz" SHOKHAN CUP IV" ашық аймақтық дебат турнирінде үздік ойын көрсеткен N178 мамандандырылған лицейдің 10"Ж" сынып оқушысы Окан Асыл "Үздік талпыныс" дипломымен марапатталды. 💐Құттықтаймыз!!!  
"Volunteers_178of" еріктілер тобының оқушылары арнайы алғыс хатпен марапатталды
15
август
2022
"Volunteers_178of" еріктілер тобының оқушылары арнайы алғыс хатпен
Үш ай көлемінде Алатау ауданына қарасты бастауыш сыныптарда оқитын мектеп оқушыларына тегін сабақ берген лицейіміздің жанынан құрылған "Volunteers_178of" еріктілер тобының оқушылары мен үш ай көлемінде біздің оқушыларымыздан білім алған ауданның бастауыш сынып оқушылары лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды. Тегін білім беріп, лицейіміздегі қоғамдық жұмыстардың дамуына өздерінің үлестерін қосқаны үшін ерікті оқушыларымызға және сенім білдірген