Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей оқушысы «Менің шағын Отаным» атты қалалық интеллектуалдық конкурсының жүлдегері атанды.
17
октябрь
2022
Лицей оқушысы «Менің шағын Отаным» атты қалалық интеллектуалдық
    ⚜️ 14.10.2022ж. «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтті. ✅№178 мамандандырылған лицейдің атынан 9 сынып оқушысы Серікқызы Жанар «Менің кішкентай Отанымның тарихы» видеорепортаж номинациясынан білім додасына түсіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 🎊 Елі мен жерінің тарихын жетік меңгерген жас өркенімізді жеткен
Қалалық балалар оқулары байқауында Ахмет Жасия жүлделі ІІ орынға ие болды.
17
октябрь
2022
Қалалық балалар оқулары байқауында Ахмет Жасия жүлделі ІІ орынға ие
    ⚜️2022 жылдың 14 қазан күні Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқау мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.  Байқау нәтижесі бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 8 сынып оқушысы Ахмет Жасия ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Ауелбекова Айман Айтжановна. ♦️Қанатың талмай, көкке самғап,
Президенттік олимпиадада республикаға жолдама алған жас дарын!
14
октябрь
2022
Президенттік олимпиадада республикаға жолдама алған жас дарын!
   ⚜️2022-2023 оқу жылында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы жарияланды.  🎊Нәтиже бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Дубек Нұржайна  І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды.  Жалынды, талантты оқушымыздың жеткен жетістігі құтты болсын!
«Сыбайлас жемқорлық –  ғасыр дерті »  тақырыбында пікір сайыс өткізілді.
12
октябрь
2022
«Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті » тақырыбында пікір сайыс
     №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 9-сынып оқушыларына «Сыбайлас – ғасыр дерті » тақырыбында пікір сайыс өткізді. Мақсаты: оқушыларға “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және
6-9 сынып оқушыларына «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбында  жиналыс өткізілді.
12
октябрь
2022
6-9 сынып оқушыларына «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбында жиналыс
      №178 мамандандырылған лицейде 6-9 оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов пен АӘ және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Б.А. Курмансейітов «Әкеге қарап, ұл өсер» тақырыбында жиналыс өткізді. Мақсаты: оқушыларға әкенің отбасында және бала өмірінде алатын орны туралы түсіндіру. Баланың әкеге деген ыстық ықыласын , ой – өрісін дамыту. Адалдық, мейірімділік және ізгілік қасиеттерін арттыра отырып тәрбиелеу.
«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
11
октябрь
2022
«Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейде 1қазан - Қарттар күніне орай 6-11 сынып оқушыларына «Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
«Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
10
октябрь
2022
«Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
     №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразалиева Толғанай Әуелханқызы  Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс болды. Оқушылардың белсенділігі өте жақсы. Үнемі сабақта жеке, жұппен, топпен жұмыс жасап төселгендері көрініп тұрды. Мұғалім әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Сабақ кезеңдері бір-бірімен әдемі үйлесіп жатты.
Абай Құнанбайұлының "Масғұт поэмасы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
07
октябрь
2022
Абай Құнанбайұлының "Масғұт поэмасы" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
     Лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Абдумуталипова Перизат Қосалықызы 10 "З" сыныбына Абай Құнанбайұлының "Масғұт поэмасы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар Масғұт образы арқылы Абай бейнесін аша білді. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланған ұстаз өз мақсатына жете білді.
Лицей кітапханасында «Әлемге әйгілі-Мұхтар Әуезов» тақырыбында оқу марафоны ұйымдастырылды.
06
октябрь
2022
Лицей кітапханасында «Әлемге әйгілі-Мұхтар Әуезов» тақырыбында оқу
     Лицейде заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай жазушы мерейтойы аясында лицей кітапханасында «Әлемге әйгілі-Мұхтар Әуезов» тақырыбында оқу марафоны ұйымдастырылды. Жиналған оқушыларға Мұхтар Әуезовтың әдебиетші, қоғам қайраткері ғана емес, абайтану ғылымының негізін қалап, қалыптастырған зерттеуші екенін айта отырып, қазақ әдебиетінің заңғар шыңында тұрған классиктің шығармашылығымен таныстырып өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі
6-11 сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың  алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді.
05
октябрь
2022
6-11 сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың
     6-11 сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.