Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
7-сынып окушылары «Менің отбасым–бақыт мекені» такырыбында эссе жазды.
05
январь
2023
7-сынып окушылары «Менің отбасым–бақыт мекені» такырыбында эссе жазды.
Қысқы демалысты тиімді пайдалану мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің 7-сынып окушылары «Менің отбасым–бақыт мекені» такырыбында эссе жазды.
7 "В"  сынып оқушылары «Медеу» мұз айдынына барды.
04
январь
2023
7 "В" сынып оқушылары «Медеу» мұз айдынына барды.
   Қысқы демалысты тиімді пайдалану мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің 7 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Т.Оразалиевамен бірге әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдынына барды. Күнге шағылыса жалтылдаған қарлы шыңдар, аспанмен таласқан шыршалар, таудың салқын таза ауасы оқушыларды өзіне еліктірді. Медеу шатқалының таза ауасымен тыныстап, әрі салауатты өмір салтын ұстанып, әсем табиғат аясында демалды. Топтасып коньки теуіп, мұз айдынның қызығын тамашалады. Медеу мұз айдыны балаларға
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында жиналыс өткізілді.
30
декабрь
2022
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында жиналыс
№178 мамандандырылған лицейде 6-11сынып оқушыларына "Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
«Мұғалімнің ақпараттық және коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру» тақырыбында №3 Әдістемелік кеңес өтті.
29
декабрь
2022
«Мұғалімнің ақпараттық және коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру»
2022 жылдың 29 желтоқсанында №178 мамандандырылған лицейде «Мұғалімнің ақпараттық және коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру» тақырыбында №3 Әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңес жұмысы екі бөлімді қамтыды. Сессия залдарында «Тиімді оқыту: Оқушылардың үлгерімі үшін қажетті дағдылар», «Сабақтың тиімділігін арттырудағы интеллектуалды ойлаудың мүмкіндіктері», «Білім берудегі жаңаша контент», «Функционалдық сауаттылықты дамыту негіздері», «Жаратылыстану пәндерін оқыту: технологиялар мен
Лицей оқушысы Жуманазарова Айиша Президент шыршасына қатысты.
26
декабрь
2022
Лицей оқушысы Жуманазарова Айиша Президент шыршасына қатысты.
     2022 жылдың 27 желтоқсан күні Алматы қаласында "Балалар жылы" аясында Президент шыршасы өтті. Шырша мерекесіне тұрмысы төмен, жетім, оқу озаты мен дарынды және ерекше қажеттілігі бар 300 бала шақырылды. Бұл мерекеге қатысу біздің №178 мамандандырылған лицейіміздің 7 "Ә" сынып оқушысы, "Зерде" ғылыми олимпиадасының қалалық ІІ-орын жүлдегері Жуманазарова Айишаға да бұйырған екен. Балаларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның атынан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев
Лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Адам құқығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
23
декабрь
2022
Лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Адам құқығы» тақырыбында сынып
     №178 мамандандырылған лицейде 6-11 сынып оқушыларына «Адам құқығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» атты семинар-практикум өтті.
19
декабрь
2022
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың
«Ағылшын тілі сабағында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға ҚББЖТҒӘО оқу бөлімі ағылшын тілі пәні әдіскері Петрова Л. Б., АҚШ Мемлекеттік департаментінен келген ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ричмонд Марисоль қатысты. Семинардың бірінші бөлімінде сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, кері байланысты жүргізуді тәжірибеде көрсету үшін, лицейдің пән мұғалімдері арнайы сабақтар көрсетті. Ал семинардың екінші бөлімінде
Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
15
декабрь
2022
Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"
Мамандандырылған лицейде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Шара барысында отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің тәуелсіздік жолындағы ерліктеріне тағзым етіліп, бейбіт те еркін елдің ұрпақтары патриоттық әндер шырқады. Оқушыларды отансүйгіштікке, ерлік пен қайсарлыққа тәрбиелеуде маңызы зор іс-шара болды.
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
14
декабрь
2022
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Лицей кітапханасында тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай 7 сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақ елінің сан ғасырлар бойғы қанымен, жанымен келген азаттық таңын алу жолындағы бабалар ерлігін дәріптеу, ұлт тәуелсіздігінің қалай келгенін ұрпақ жадына ұялату; білім алушы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтына еңбек етуге тәрбиелеу. Тәуелсіздік күніне орай өткізілген бұл іс-шара өз дәрежесінде етті.
"Тұғыры биік Тәуелсіздік" такырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
14
декабрь
2022
"Тұғыры биік Тәуелсіздік" такырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында N178 мамандандырылған лицейде "Тұғыры биік Тәуелсіздік" такырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.