26
декабрь
2022
Лицей оқушысы Жуманазарова Айиша Президент шыршасына қатысты.
2022 жылдың 27 желтоқсан күні Алматы қаласында "Балалар жылы" аясында Президент шыршасы өтті. Шырша мерекесіне тұрмысы төмен, жетім, оқу озаты мен дарынды және ерекше қажеттілігі бар 300 бала шақырылды.
Бұл мерекеге қатысу біздің №178 мамандандырылған лицейіміздің 7 "Ә" сынып оқушысы, "Зерде" ғылыми олимпиадасының қалалық ІІ-орын жүлдегері Жуманазарова Айишаға да бұйырған екен. Балаларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның атынан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтады. Бұған қоса танымал әншілер: Роза Рымбаева, "Renzo", "КешYou" топтары әннен шашу шашты. Іс-шара соңында балаларға Президент атынан жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Бағалы сыйлықтар балалардың көңілінен шықты. Президент шыршасы балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.