Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
19
февраль
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
№ 178 мамандандырылған лицейде 3-13 ақпан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өтіп жатыр. Осы орайда 4-ақпанда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Т. Ертуганова 8 "Ә" сыныбымен "Қызыл кітапқа енген құстар мен балықтар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мұғалім заманауи оқыту технологиялары мен білім платформаларын тиімді пайдаланды.Оқушылар сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды қызыға орындады. Сабақ өз мақсатына жетіп, әріптестердің оң бағалауына ие болды.
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
19
февраль
2025
Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Ұлттық тәрбие – халқымыздың болашағын айқындайтын басты бағыт. Ол – ұрпақ тәрбиесіндегі ең маңызды негіз. Осы орайда, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының онкүндігі аясында лицей мұғалімдерінен алынған сұхбатта ұлттық құндылықтардың тәрбие жұмысына әсері мен маңызы туралы ойлар ортаға салынды.  🎓 Мұғалімдердің пікірінше, ұлттық құндылықтар мен тәрбие бір-бірімен тығыз байланыста. Тәрбие – адамның рухани байлығы, күш-қуаты, ұлттық санасы мен патриоттық сезімі. Жастардың бойында ұлттық
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
18
февраль
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында Женсикбаева Назигуль Бахытовна 8"Ә" сыныбымен "Табиғи ресурстар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында мұғалім оқушылармен жағымды ахуал тудырып, жаңа тақырыпты меңгерту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білді. "Гүлмен тілек", "Жұмбақ арал", "Зерттей оқу", Суреттер сөйлейді" т.б әдістерді қолданып, сабақ мақсатына жете білді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті
18
февраль
2025
«Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті
№178 мамандандырылған лицейде 5, 7, 8 сынып оқушыларына «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовпен АӘТД пәнінің мұғалімі Б.А.Курмансейітов баяндама жасады. Жиналыс барысында оқушылар оқушылар өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
”Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” тақырыбында ұлдар жиналысы
14
февраль
2025
”Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” тақырыбында ұлдар жиналысы
№178 мамандандырылған лицейде ағымдағы жылдың ақпан айының 10-күні АӘД және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Б.А.Курмансейітов пен ДТІЖО Б.Н.Кутумов ”Ұл тәрбиесі–ұлт тәрбиесі” атты ұлдар жиналысын өткізді. Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру. Қатысқандар: 9-10 сынып ұлдары.  
Айтыс өнерінің абыз ақсақалы Жүрсін Ерманға ҚҰРМЕТ!
14
февраль
2025
Айтыс өнерінің абыз ақсақалы Жүрсін Ерманға ҚҰРМЕТ!
Айтыс өнерінің көшбасшысы, жүргізуші-реформаторы, қазақ поэзиясының қара нары — Жүрсін Ерман лицейімізге арнайы қонаққа келіп, ақынның туған күніне орай "Жүйрік ақын Жүрсін Ерман айтқандай..." тақырыбында 5-сынып оқушылары арасында өлең оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға бес сынып қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаз бен жүлдегер атанған және үздік номинация иегерлерін Жүрсін Молдашұлы өзі марапаттап, байқауға қатысқан оқушыларға өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ кеш соңында лицей
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14
февраль
2025
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 9 “Ғ” сынып оқушылары лицей кітапханасына кітап сыйлады. Кітап сыйлау күні 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен Халықаралық деңгейде аталып өтеді. Мақсаты: осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады.
Ақынын ардақтаған ел ардақты...
14
февраль
2025
Ақынын ардақтаған ел ардақты...
Ақынын ардақтаған ел ардақты... Жүйрік ақын, айтыс өнерінің абыз ақсақалы — Жүрсін Ерманның құрметіне арналған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Абсолютті Чемпион — 5 "Г" сыныбы Бас жүлде — 5 "Б" сыныбы І орын — 5 "А" сыныбы ІІ орын — 5 "Ә" сыныбы ІІІ орын — 5 "В" сыныбы иеленді. Сондай-ақ байқауда үздік өнер көрсеткен оқушылар мен сыныптарға номинациялар және статуэткалар, кубок-медаль, халықаралық жыршы және термешілер одағы атынан мадақтамалар табыс етілді. Дарынды және талантты
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
14
февраль
2025
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ардагерлермен «Ерлік–елге мұра!» атты кездесу аудан көлемінде өткізілді. Кездесуге Алатау аудан мектептерінің оқушылары, Алатау ауданы намыс қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Ханаев Абубакир Рахмутталаевич және Ауған соғыс ардагерлері: Мырзалиев Мұхит, Бердібеков Темирбек Айтбекович, Алматы қаласы Алатау ауданы қорғаныс істері басқармасынан әскери дайындақ жөніндегі инспекторы Елбосинов Қайрат Игиликович және Алатау
Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.
13
февраль
2025
Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың
Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. 2025 жылғы 13-ақпан күні сағат 12:00-де сейсмикалық жаттығу өтті. Жаттығуға лицейіміздің қызметкерлері мен оқушылары белсенді түрде қатысты. Сейсмикалық жаттығу барысында барлық қатысушылар «Назар аударыңыз!» сигналын естігеннен бастап, лицейде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, толығымен қауіпсіз орынға эвакуацияланды.