14
февраль
2025
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ардагерлермен «Ерлік–елге мұра!» атты кездесу аудан көлемінде өткізілді. Кездесуге Алатау аудан мектептерінің оқушылары, Алатау ауданы намыс қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Ханаев Абубакир Рахмутталаевич және Ауған соғыс ардагерлері: Мырзалиев Мұхит, Бердібеков Темирбек Айтбекович, Алматы қаласы Алатау ауданы қорғаныс істері басқармасынан әскери дайындақ жөніндегі инспекторы Елбосинов Қайрат Игиликович және Алатау ауданы қорғаныс істері басқармасынан әскери дайындақ жөніндегі қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды, оларға кері байланыс берілді.