Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Айтыс өнерінің абыз ақсақалы Жүрсін Ерманға ҚҰРМЕТ!
14
февраль
2025

Айтыс өнерінің абыз ақсақалы Жүрсін Ерманға ҚҰРМЕТ!

Айтыс өнерінің көшбасшысы, жүргізуші-реформаторы, қазақ поэзиясының қара нары — Жүрсін Ерман лицейімізге арнайы қонаққа келіп, ақынның туған күніне орай "Жүйрік ақын Жүрсін Ерман айтқандай..." тақырыбында 5-сынып оқушылары арасында өлең оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға бес сынып қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жеңімпаз бен жүлдегер атанған және үздік номинация иегерлерін Жүрсін Молдашұлы өзі марапаттап, байқауға қатысқан оқушыларға өз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ кеш соңында лицей директоры атынан алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етілді. Ал, "Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев" қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Сраилов Бек мырза "МЕРЕЙ" орденін тақты. Байқау лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында өткізілді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: