Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сәния Өскенбайқызы атындағы олимпиаданың жүлдегерлері анықталды
18
апрель
2025
Сәния Өскенбайқызы атындағы олимпиаданың жүлдегерлері анықталды
Алматы қаласында тұңғыш рет ұйымдастылған Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Тілеубай Сәния Өскенбайқызы атындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданың тұсауы кесілді. Олимпиада – жай ғана жарыс емес, бұл – жаңашылдықтың, ізденістің, кәсіби өсудің бір сатысы. Алатау ауданы бойынша 18 үздік физика пәні мұғалімі өзара бақ сынасып, білім мен біліктің биігінде бәсекеге түсті.Нәтижесінде: 1-орын – Нұрсал Дәлел, №178 МЛ;  2-орын – Абсемет Ербол, №179 ЖББМ; 3-орын – Омарбекова Диана, №26
Эссе – көркем ойдың жемісі
17
апрель
2025
Эссе – көркем ойдың жемісі
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, 5-8-сынып оқушылары «Ұлы жеңіс – ұрпақ мақтанышы» атты эссе жұмысын жазды. Шығармашылық жұмыстарында Отан үшін жанын қиған батырлардың ерлігін ұмытпауға үндеп, соғыс жылдарындағы халықтың қайсарлығы мен бірлігін ерекше әсерлі тілмен суреттеді. Эссе жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді. Мұндай шығармалар тарихты бағалап, ерлікке тағзым етуге үйретеді.
"Тамшы" театр үйірмесінің мүшелері жеңіспен оралды
17
апрель
2025
"Тамшы" театр үйірмесінің мүшелері жеңіспен оралды
Лицейіміздің "Тамшы" театр үйірмесінің оқушылары "Театрдың ғажайып әлемі" атты театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының VIII аудандық кезеңіне қатысып, әдеби-музыкалық композиция жанры бойынша  1-орынды қанжығасына байлап, байқаудың жеңімпазы атанды. Құттықтаймыз!  
Аптаның ең үздік матчы: 7-сыныптар арасында өтті
16
апрель
2025
Аптаның ең үздік матчы: 7-сыныптар арасында өтті
"Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының онкүндігі өтуіне байланысты "Эстетика - адамның рухани әлемі" тақырыбында 7-сыныптар арасында футболдан жарыс өтті. Жарыс өте қызықты және оқушылар белсенді қатысты. Нәтижесінде 1-орынды 7 "Г" сыныбы, 2-орынды 7 "Б" сыныбы, 3-орынды 7 "Ә" сыныбы иеленді.
Сурет арқылы сыр шерткен тарихи оқиғалар
16
апрель
2025
Сурет арқылы сыр шерткен тарихи оқиғалар
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, 5-сынып оқушылары «Ұлы Жеңісті мақтан тұтамыз» тақырыбында сурет салды. Мақсаты: оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
"Өнегелі 15 минут" жобасы өз жалғасын табуда...
16
апрель
2025
"Өнегелі 15 минут" жобасы өз жалғасын табуда...
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Өнегелі 15 минут" жобасы негізінде лицей оқушылары шахмат ойнады.  Мақсаты — шахмат ойыны кезінде алған білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру, шахмат және шахмат ойыны туралы ойынның практикалық дағдыларын және тұтас түсінігін қалыптастыру, бір-біріне қарама-қарсы болған кезде, бірақ топаралық турнирлерде ұйымшыл команда ретінде әрекет ететін ұжымдастыру сезімдерін қалыптастыру, жаңа ғана ойналған партияны талдау кезінде көрінетін өзара көмек сезімін
«Мен полиция қызметкері болғым келеді!» атты сурет салу байқауы өтті
15
апрель
2025
«Мен полиция қызметкері болғым келеді!» атты сурет салу байқауы өтті
Лицейімізде «Мен полиция қызметкері болғым келеді!» атты сурет салу байқауы 5-8 сынып оқушылары арасында өтті. Байқаудың мақсаты - оқушылардың құқық қорғау органдарына деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.  
Сенің шығармаң – сенің үнің...
15
апрель
2025
Сенің шығармаң – сенің үнің...
" Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Өнегелі 15 минут" жоба негізінде "Менің Қазақстаным" тақырыбында 5-сынып оқушылары шығарма жазды. Мақсаты: Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңіндегі ел жетістіктеріне мақтанышты көрсету және Ұлт жоспарын, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық отаншылдық идеясын жүзеге асыруда жастар алдына қойылған міндеттерді ұғыну, өз Отанын, туған жерін сүюге баулу болып табылады.
"Қоғамдық мүлікті қорға!", "Өрт сөндірудің алғашқы құралдары" тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
14
апрель
2025
"Қоғамдық мүлікті қорға!", "Өрт сөндірудің алғашқы құралдары"
"КӨМЕК" бағдарламасы аясында "Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік" айы негізінде "Қоғамдық мүлікті қорға!", "Өрт сөндірудің алғашқы құралдары" тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
Халықаралық сайыста топ жарған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
14
апрель
2025
Халықаралық сайыста топ жарған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Бүгін – біз үшін ерекше күн! Халықаралық сайыста жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларды лицей әкімшілігі мен ұжымы, сыныптастары үлкен қуанышпен қарсы алды. Ғарыш әлеміне қадам басқан жастарымыздың таланты мен зейіні бізді жаңа белестерге жетелейді. Бұл жеңіс – тек олардың ғана емес, барша ұжымның қажырлы еңбегінің, ынтасы мен талпынысының нәтижесі! Лицей басшысы Қайратбек Хамзаханұлы оқушыларға жүрек жарды тілектері мен жылы лебізін білдірді. Ғарыш – тек ғылым мен технологияның, қиял мен