14
апрель
2025
Халықаралық сайыста топ жарған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Бүгін – біз үшін ерекше күн! Халықаралық сайыста жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларды лицей әкімшілігі мен ұжымы, сыныптастары үлкен қуанышпен қарсы алды. Ғарыш әлеміне қадам басқан жастарымыздың таланты мен зейіні бізді жаңа белестерге жетелейді. Бұл жеңіс – тек олардың ғана емес, барша ұжымның қажырлы еңбегінің, ынтасы мен талпынысының нәтижесі! Лицей басшысы Қайратбек Хамзаханұлы оқушыларға жүрек жарды тілектері мен жылы лебізін білдірді.
Ғарыш – тек ғылым мен технологияның, қиял мен шындықтың шекарасы емес, біздің ынтымақтастығымыз бен бірлігіміздің нышаны! Сіздер бүгінгі жеңістерімен бізге қанат бітіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол аштыңыздар. Осы үлкен додада лицейіміздің мақтаныштары – Қайратқызы Аяжан мен Сабден Бегайым үздік жобаларын сәтті қорғап, II орын иеленіп қайтты! Жетекшісі: Орынқұл Илтефат. Шәкірттеріміздің жолдары жарқын, болашақтары айқын! Алға қойған мақсаттарға жету үшін аянбай еңбек етіп, жаңа бастамаларға қадам баса беріңіздер!
Құттықтаймыз!