18
апрель
2025
Сәния Өскенбайқызы атындағы олимпиаданың жүлдегерлері анықталды
Алматы қаласында тұңғыш рет ұйымдастылған Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Тілеубай Сәния Өскенбайқызы атындағы физика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданың тұсауы кесілді. Олимпиада – жай ғана жарыс емес, бұл – жаңашылдықтың, ізденістің, кәсіби өсудің бір сатысы. Алатау ауданы бойынша 18 үздік физика пәні мұғалімі өзара бақ сынасып, білім мен біліктің биігінде бәсекеге түсті.
Нәтижесінде:1-орын – Нұрсал Дәлел, №178 МЛ;
2-орын – Абсемет Ербол, №179 ЖББМ;
3-орын – Омарбекова Диана, №26 ЖББМ;
Грамота – Мұратхан Гүлдана, №201 МГ;
Грамота – Даркенбаева Эльза, №169 МЛ
жеңіс тұғырынан көріне білді.
Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер қалалық кезеңге жолдама алды.
Құттықтаймыз!