Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года » Страница 2
Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиадаға старт берілді
27
апрель
2026
Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиадаға старт берілді
Біздің №178 мамандандырылған лицейімізде маңызды білім додасы басталды! Бүгін лицейіміздің базасында жас математиктер арасындағы Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Шараның ашылу рәсіміне олимпиаданың негізін қалаушы, Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері Аягүл Төреқызы Миразова арнайы қатысып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Олимпиада жайлы қысқаша: -Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық дарынды оқушы жиналды. -Сайыс 2 турдан тұрады. -Әр кезеңде
Кәсіби бағдар беру мақсатындағы кампус тур
27
апрель
2026
Кәсіби бағдар беру мақсатындағы кампус тур
Кәсіби бағдар беру аясында лицейдің 10-сынып оқушылары «саяхат-сабақ» жобасы бойынша Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті-не кампус тур жасады. Бұл сапар оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік берді. Кампус тур барысында оқушылар университеттің оқу корпустарын, заманауи зертханаларын және IT саласына арналған арнайы аудиторияларын аралап көрді. Университет өкілдері оқу бағдарламалары, грант
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
26
апрель
2026
Лицей оқушылары «Балафест» байқауында жүлделі орын алды
Аудандық «Балафест» байқауы аясында өткен «Кітап – білім бұлағы» байқауының «Театр өнері арқылы – оқуға» номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Б» сынып оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жас өнерпаздар өздерінің сахналық шеберлігі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оқушылардың өнерге деген қызығушылығы мен ұстаздарының еңбегінің нәтижесі.
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25
апрель
2026
Лицей мақтанышы: шахматтағы жеңісті жетістік
25–26 сәуір күндері Алматы қаласында рапид және блиц шахматынан чемпионат өтті. Аталған жарыста 7 «Б» сынып оқушысы Елібай Әлихан Бегайдарұлы жоғары шеберлік танытып, тамаша нәтиже көрсетті. Ол блиц түрі бойынша І орын иеленіп, қала чемпионы атанды. Сонымен қатар рапид бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен шахматқа деген қызығушылығының, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі еңбегінің жемісі.
Халықаралық байқаудағы жарқын жеңіс!
25
апрель
2026
Халықаралық байқаудағы жарқын жеңіс!
Сәуірдің  24-25 аралығында “Science Technology Algorithmization Programming”aтты VIII ашық халықаралық байқаудан 8 сынып оқушылары Қанат  Алижан мен Жакия Мадияр  “Термодинамика мен  электр қуаты” секцияларына қатысып 1-орын алды. 9 сынып оқушылары Олжасұлы Искандер мен Серік Асия жүлделі 2 орын, Әбліғазы Даулет жүлделі 3 орын  “Геометрия. Жазықтықтағы стереометрия” секцияларына қатысты!Оқушыларға ізденіс пен  шығармашылық табыс тілейміз!! Байқаудың ұйымдастырушысы-Алматы қаласындағы
Аудандық Аягуль Миразова атындағы олимпиадасынан қуанышты жаңалықтар!
24
апрель
2026
Аудандық Аягуль Миразова атындағы олимпиадасынан қуанышты жаңалықтар!
Біздің жас мамандар тағы да өздерінің білімділігі мен табандылығын дәлелдеді: Рахумбекулы  Досжан – І орын Бекқұл Асылбек – ІІІ орын иегерлері атанды Бұл жетістіктер – тынымсыз еңбектің, ізденістің және кәсіби өсуге деген ұмтылыстың айқын көрінісі. Сіздердің жеңістеріңіз – тек жеке жетістік емес, барлық жас мамандарға үлкен мотивация мен шабыт! Алға қойған мақсаттарыңыз әрқашан биік болсын!
Болашақ мамандыққа қадам: оқушылармен кәсіби кездесу
24
апрель
2026
Болашақ мамандыққа қадам: оқушылармен кәсіби кездесу
Лицейдің 10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша Алматы энергетика және байланыс университетінің мамандары университет пен мамандықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.