"ZERDELI" ақыл-ойды дамыту орталығының кәсіби бағдар беру жұмыстары
"ZERDELI" ақыл-ойды дамыту орталығының мамандары 10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты: мамандықты дұрыс таңдау және нарыққа енген, сұранысқа ие мамандықтар мен мемлекеттік, ішкі және бизнес гранттары жайлы ақпараттар беру. Сонымен қатар қаңтар және наурыз айларында ҰБТ-дан ең көп балл жинаған оқушылардың математика пәнінің мұғалімі Досжан Рахымбекұлына арнайы алғыс хат табыс етілді.