Білім мен еңбектің жемісі: олимпиада жеңімпаздары марапатталды
9-13 сәуір аралығында Тараз және Шымкент қалаларында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты білімпаздар бақ сынасқан бұл додада біздің лицейіміздің абыройын 11-сынып оқушысы Серікқазы Аяжан мен Талғат Тұнық көтерді. Талғат Тұнық Алматы қаласы бойынша Қазақстан тарихынан 1-орын, Аяжан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 1-орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Аяжан өзінің терең білімі