Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"
20
апрель
2026
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"
Дұрыс тамақтану — денсаулықты сақтаудың негізгі жолы. Ол ағзаға қажетті ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералдарды теңгерімді түрде қабылдауды білдіреді.Күнделікті тағамда көкөніс, жеміс, ет, балық, сүт өнімдері және жармалар болуы керек. Зиянды тағамдарды (майлы, тәтті, фастфуд) азайтып, таза су көбірек ішу қажет. Күніне 3–4 рет уақытында тамақтану маңызды. Дұрыс тамақтану адамды сергек ұстап, аурулардың алдын алады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау кезеңі
20
апрель
2026
Білім алушылардың оқу жетістіктерін анықтау кезеңі
2026 жылдың 20 сәуірінен бастап 5–11-сыныптар арасында директорлық бақылау жұмыстары математика, жаратылыстану және физика пәндері бойынша емтихан форматында алынуда. Аталған бақылау жұмыстары білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын бағалау мақсатында жүргізіледі. Бұл шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қорытынды бағалауға дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
«Кәсіби бағдар берудегі тиімді тәжірибелер: лицей үлгісі»
20
апрель
2026
«Кәсіби бағдар берудегі тиімді тәжірибелер: лицей үлгісі»
Лицейдің кәсіби бағдар беру бойынша маманы Тілеужан Әбілқайыр «OPENSCHOOL: ТАБЫСТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ ЭКСКУРСИЯ» тақырыбында өткен қалалық іс-шарада лицейімізде атқарылып жатқан шараларды мектеп директорларына таныстырып, лицейдегі «саяхат-сабағы» және «Мен, практикпін!» жобасын таныстырды.