Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиадаға старт берілді
27
апрель
2026

Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиадаға старт берілді

Біздің №178 мамандандырылған лицейімізде маңызды білім додасы басталды! Бүгін лицейіміздің базасында жас математиктер арасындағы Аягүл Миразова атындағы II республикалық олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Шараның ашылу рәсіміне олимпиаданың негізін қалаушы, Қазақстанның алғашқы Еңбек Ері Аягүл Төреқызы Миразова арнайы қатысып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Олимпиада жайлы қысқаша: -Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық дарынды оқушы жиналды. -Сайыс 2 турдан тұрады. -Әр кезеңде қатысушылар 3 сағат бойы күрделі математикалық есептерді шешеді. Бұл дода оқушылардың терең білімі мен логикалық ойлау қабілетін айқындайтын нағыз интеллектуалдық сын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: