Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «География пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері» республикалық оқу семинары
02
декабрь
2025

«География пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері» республикалық оқу семинары

2025 жылдың 2 желтоқсанында лицейімізде география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинары өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен география пән мұғалімдері қатысып, олимпиадаға дайындықтың заманауи әдістемелерімен танысты.
Семинардың мақсаты – оқушыларды олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқушылардың зерттеу-талдау дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді тәсілдерді талқылау.
Іс-шара барысында олимпиадалық тапсырмалармен жұмыс ерекшеліктері, аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдары және оқу үдерісіне енгізілетін әдістемелік ұсыныстар қарастырылды.
Семинар география мұғалімдерінің кәсіби дамуына және дарынды оқушыларды сапалы дайындауға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: