Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2026 года » Страница 6
Қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы және білім сапасының көрсеткіштері
10
февраль
2026
Қаңтар айындағы ҰБТ қорытындысы және білім сапасының көрсеткіштері
Қаңтар айында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша білім алушылардың нәтижелері төмендегідей болды: 120–140 балл аралығында – 5 оқушы. Бұл көрсеткіш жоғары деңгейдегі дайындықты білдіреді. Аталған оқушылар пәндерді терең меңгеріп, тест тапсырмаларын сапалы орындағанын көрсетті. 100–119 балл аралығында – 36 оқушы. Бұл – негізгі үлесті құрайтын жақсы нәтиже. Көпшілік оқушылар білім сапасының жеткілікті деңгейде екенін дәлелдеп, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін балл жинады. Сонымен қатар,
«Мінсіз мұғалім: мән, миссия, мағына» тақырыбында рефлексиялық workshop
10
февраль
2026
«Мінсіз мұғалім: мән, миссия, мағына» тақырыбында рефлексиялық
10.02.2026 күні лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Онкүндік аясында мұғалімдерге арналған «Мінсіз мұғалім: мән, миссия, мағына» тақырыбында рефлексиялық workshop өтті. Workshop барысында қатысушылар Григорий Петровтың «Мінсіз мұғалім» еңбегіндегі негізгі идеяларды талдап, автор ұсынған рухани адамгершілік бейнені саралады. Кездесу барысында: -мұғалім миссиясы; -кәсіби жауапкершілік; -шәкіртке әсер ететін ішкі құндылықтар туралы мазмұнды ойлар айтылды.
Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне құрмет!
09
февраль
2026
Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне құрмет!
Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен, №178 самандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын — Мұқағали Мақатаевтың туған күніне және  ақынның 95 жылдық мерейтойына орай  6-сынып оқушылары арасында "Поэзия, Менімен егіз бе едің?!" тақырыбында лицейішілік байқау өткізілді. Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне Жайлыханов Айдын Рысбекұлы, Издаулетов Есім,  Мейрамбай Еркінгүл, Абайұлы Ғабит,  Тілеужан Әбілқайыр есімді кәсіпкерлер демеушілік танытты.  Байқаудың
Қазақстан Жазушылар одағы №178 мамандандырылған лицей оқушыларын қолдайды
09
февраль
2026
Қазақстан Жазушылар одағы №178 мамандандырылған лицей оқушыларын
9 ақпан күні Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын — Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Сол күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында "Поэзия, Менімен егіз бе едің?!" тақырыбында лицейішілік байқау өтеді. Байқауды Қазақстан Жазушылар одағының Төраға басқармасы — Мереке Құлкенов мырза арнайы қолдап, мадақтамаларға қол қойып, мөр соғып берді. Байқауымызға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Жазушылар одағына №178 мамандандырылған лицей әкімшілігі атынан
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының мәңгілік мұрасы
09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының мәңгілік мұрасы
Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының мәңгілік мұрасы, ұлттың жүрек үні. Оның әр өлеңі – оқырманмен сырласу, жүректен жүрекке жеткен шындық. Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында ақиық ақынның өлеңдерін оқудан өткен қалалық байқауында ерекше дарындылығымен көзге түскен 5”Ә” сынып оқушысы Нусипов Мансұр 3-орынмен марапатталды. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Аметова Сауле Орынбасарқызы
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"
09
февраль
2026
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"
 11-5 сыныптар арасында "Дұрыс тамақтануды насихаттау" мақсатында тәрие сағаттары өтті.                                                             Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі. Күнделікті ас мәзірінде көкөніс пен жеміс-жидек, дәнді дақылдар, пайдалы ақуыз көздері жеткілікті болуы керек. Артық қант, тұз және майлы тағамдарды шектеп, таза су ішу әдетін қалыптастыру маңызды. Дұрыс тамақтану күш-қуатты арттырып, аурудың алдын алады және өмір сапасын жақсартады.