10
февраль
2026
«Мінсіз мұғалім: мән, миссия, мағына» тақырыбында рефлексиялық workshop
10.02.2026 күні лицейімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Онкүндік аясында мұғалімдерге арналған «Мінсіз мұғалім: мән, миссия, мағына» тақырыбында рефлексиялық workshop өтті.
Workshop барысында қатысушылар Григорий Петровтың «Мінсіз мұғалім» еңбегіндегі негізгі идеяларды талдап, автор ұсынған рухани адамгершілік бейнені саралады.
Кездесу барысында:
-мұғалім миссиясы;
-кәсіби жауапкершілік;
-шәкіртке әсер ететін ішкі құндылықтар туралы мазмұнды ойлар айтылды.
Іс-шара педагогтерге өз кәсіби жолына жаңаша көзқараспен қарап, терең рефлексия жасап, шабыт пен мотивация алуға мүмкіндік берді.
