02
октябрь
2025
Мамандық таңдау — өмір талабы» атты тағылымды кездесу өтті
2025 жылдың 2 қазанында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбек пен шеберлік» жобасы шеңберінде WORKSHOP «Мамандық таңдау — өмір талабы» атты тағылымды кездесу өтті. Кездесуге лицейдің 9-11-сынып оқушылары қатысты. Олар жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы мен сұранысы жайлы тың әрі нақты мәліметтер алып, еңбек нарығындағы өз орнын табу жолдарын түсінді.
