Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2026 года » Страница 4
Мамандық таңдаудағы EDUSER қосымшасының рөлі
17
февраль
2026
Мамандық таңдаудағы EDUSER қосымшасының рөлі
Қазіргі заманда мамандық таңдау – әр оқушының өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Дұрыс бағытты анықтау үшін оқушы өз үлгерімін, қабілетін және қызығушылығын жақсы білуі керек. Осы тұрғыда EDUSER қосымшасының маңызы зор. EDUSER арқылы оқушы өзінің бағаларын, пәндер бойынша жетістіктерін және әлсіз тұстарын көре алады. Мысалы, егер оқушы математика мен физикадан жоғары нәтиже көрсетсе, болашақта инженер, IT маманы немесе сәулетші болуға бейімділігі бар екенін байқауы мүмкін. Ал гуманитарлық
Айтыстың абыз ақсақалы  - Жүрсін Ерман лицейіміздің өлеңсүйер оқушыларын арнайы жыр кешіне шақырады
17
февраль
2026
Айтыстың абыз ақсақалы - Жүрсін Ерман лицейіміздің өлеңсүйер
Ертең, 18 Ақпан күні Республика сарайында қазақ поэзиясының қара нары, айтыс өнерінің абыз  ақсақалы - Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына орай  "Ұлытаудан  - Алатауға" атты тақырыбында өтетін жыр кешіне лицейіміздің поэзияға жаны құмар, өлеңсүйер оқушыларын өз кешіне шақырады. Лицейіміздің дарынды және талантты оқушыларының өнерін бағалап, арнайы құрмет көрсеткені үшін ұйымдастыру алқасы мен Жүрсін Молдашұлына өз алғысымызды білдіреміз! Естеріңізге сала кетейік, былтыр лицейімізге ақынның
Кәсіби бағдар беру
17
февраль
2026
Кәсіби бағдар беру
Өзара ынтымақтастық келісім негізінде Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің мамандары лицейіміздің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Соңғы үш жыл: даму, жетістік, нәтиже
16
февраль
2026
Соңғы үш жыл: даму, жетістік, нәтиже
Лицейіміздің соңғы үш жылдағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін қамтитын қорытынды есеп дайындалды. Есепте білім сапасының көрсеткіштері, оқушыларымыздың жетістіктері, мұғалімдердің кәсіби даму деңгейі, материалдық-техникалық базаның жаңартылуы және тәрбиелік іс-шаралардың тиімділігі жан-жақты талданды. Бұл құжат лицейдің даму динамикасын айқындап, алдағы кезеңге арналған мақсат-міндеттерді нақтылауға негіз болады. Бірлесе атқарған еңбегіміздің нәтижесі – ортақ жетістігіміз! Лицейдің үш жылдық
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
16
февраль
2026
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Лицейде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жүргізді. Оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне көз жеткізді. Асхана барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Алдағы уақытта да лицей әкімшілігі жүйелі жұмыс істеп, оқуш ыларға тиесілі мүмкіндіктерді қарастырады.
ҰБТ қорытындысы: Үздік сыныптар мен озат оқушылар марапатталды
16
февраль
2026
ҰБТ қорытындысы: Үздік сыныптар мен озат оқушылар марапатталды
Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) қорытындылары шығарылып, лицей бойынша нәтижелерге жан-жақты талдау жүргізілді. Лицей директоры тест қорытындысын саралай отырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген білім алушыларды ерекше атап өтті. Атап айтқанда, 120 баллдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар лицейдің мақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл — оқушылардың жүйелі дайындығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстаздардың сапалы білім беру еңбегінің айқын көрсеткіші.