09
февраль
2026
Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне құрмет!
Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен, №178 самандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын — Мұқағали Мақатаевтың туған күніне және ақынның 95 жылдық мерейтойына орай 6-сынып оқушылары арасында "Поэзия, Менімен егіз бе едің?!" тақырыбында лицейішілік байқау өткізілді. Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне
Жайлыханов Айдын Рысбекұлы, Издаулетов Есім, Мейрамбай Еркінгүл, Абайұлы Ғабит, Тілеужан Әбілқайыр есімді кәсіпкерлер демеушілік танытты.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлықтар және үздік номинация иегерлеріне арнайы статуэткалар табыс етілді.
Байқауды әділқазылар алқасының төрағасы белгілі журналист, "Қала мен Дала" газетінің бас редакторы - Ришат Асқарбекұлы және "dalanews.kz" сайтының бас редакторы - Жарас Ниязбек т.б. қазылар құрамы жеңімпаз мен жүлдегерлер сыныптарға өз бағасын беріп, анықтады.
Байқауда 5 орын қарастырылды. Сонымен жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар:
Абсолютті чемпион -
6 "Б" сыныбы
Бас жүлде - 6 "Д" сыныбы
І орын - 6 "Г" сыныбы
ІІ орын - 6 "А" сыныбы
ІІІ орын - 6 "Ғ" сыныбына бұйырды.
Байқаудың өтуіне ақпараттық қолдау көрсеткен БАҚ өкілдеріне, демеушілік танытқан кәсіпкерлерге және әділқазылар алқасына лицей әкімшілігі атынан өз алғысымызды білдіреміз.
