Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 7
Әбдімәжит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы олимпиадасы — таланттарды тоғыстыратын дода
05
декабрь
2025
Әбдімәжит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы олимпиадасы — таланттарды
2025 жылдың 5 желтоқсанында №178 мамандандырылған лицейде Әбдімажит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті.  72 оқушы қатысқан додада:  4 оқушы – 1-орын 6 оқушы – 2-орын  8 оқушы – 3-орын иеленді. Жеңімпаздарды белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері марапаттап, жас математиктерге ерекше шабыт сыйлады. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Ғылымға апарған жол: Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен кездесу
05
декабрь
2025
Ғылымға апарған жол: Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен кездесу
Еңбек Ері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен ерекше кездесу өтті. Бұл жүздесу оқушылар үшін ғылымға деген қызығушылықты оятқан, болашаққа бағыт берер ой мен естелікке толы сәт болды. Асқар Серқұлұлы математика ғылымының дамуы, білім мен ғылымға адал ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Осындай кездесулер жас буынның ғылымға сенімін арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға маңызды үлес қосады. Асқар Серқұлұлына лицейде жас ұрпаққа ғылымға
«Өнерлілер алаңы» халықаралық байқауында Гран-при!
04
декабрь
2025
«Өнерлілер алаңы» халықаралық байқауында Гран-при!
«Өнерлілер алаңы» көпжанрлы халықаралық өнер байқауында Ержанұлы Алқар мен Ержанұлы Ерен үздік  көрсетіп, Гран-при жеңіп алды!  Оқушылардың орындауындағы «Поппури» күйі қазылар алқасын тәнті етіп, ең жоғары бағаға ие болды. Бұл жеңіс оларға Дубай қаласына жолдаманы ұтып әперді — үлкен еңбектің, дарынның және табандылықтың нәтижесі. Алқар мен Еренді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылықтары өрлей берсін, халықаралық сахналарда талай биіктерді бағындыра берсін!
«Иммунитетті күшейтетін тағамдар»
04
декабрь
2025
«Иммунитетті күшейтетін тағамдар»
   "Иммунитетті күшейтетін тағамдар" Лицей оқушыларына "Дұрыс тамақтануды насихаттау" мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі мен түрлі ауруларға қарсы тұруы иммунитеттің күшіне байланысты. Иммунитетті нығайту үшін дұрыс тамақтану маңызды рөл атқарады. Кейбір тағамдар ағзаны қажетті витаминдермен, минералдармен және антиоксиданттармен қамтамасыз етіп, табиғи қорғаныс жүйесінің жұмысын жақсартады. Біріншіден, С дәруменіне бай өнімдер иммунитетті көтерудің
«Олимп шыңы» республикалық олимпиадасының жабылу салтанаты
03
декабрь
2025
«Олимп шыңы» республикалық олимпиадасының жабылу салтанаты
2025 жылдың 3 желтоқсанында Республикалық “Дарын” РҒПО-ның ұйымдастыруымен лицейде география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинары өтті.  Еліміздің түкпір-түкпірінен келген география пәні мұғалімдері олимпиадаға дайындықтың заманауи әдістемелерімен танысты. Семинар соңында «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Бұл күн дарынды да талантты педагогтердің еңбегін жоғары бағалауға арналған есте қаларлық сәт болды.  Барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз!
Республикалық пәндік «Олимп шыңы» олимпиадасы
03
декабрь
2025
Республикалық пәндік «Олимп шыңы» олимпиадасы
Республикалық пәндік «Олимп шыңы» олимпиадасында лицейіміздің тәжірибелі ұстазы Машанов Жанатбек Чаймолдаевич 2-орынға ие болды. Бұл жетістік оның география пәні бойынша терең білімін, аналитикалық ойлау қабілетін және шығармашылық дайындығын айқын көрсетті. Жанатбек Чаймолдаевичке алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! Шығармашылығыңыз шыңдала берсін!
«География пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері» республикалық оқу семинары
02
декабрь
2025
«География пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері»
2025 жылдың 2 желтоқсанында лицейімізде география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинары өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен география пән мұғалімдері қатысып, олимпиадаға дайындықтың заманауи әдістемелерімен танысты. Семинардың мақсаты – оқушыларды олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқушылардың зерттеу-талдау дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді тәсілдерді талқылау. Іс-шара барысында олимпиадалық тапсырмалармен