Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2025

«Иммунитетті күшейтетін тағамдар»

 
 "Иммунитетті күшейтетін тағамдар"

Лицей оқушыларына "Дұрыс тамақтануды насихаттау" мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі мен түрлі ауруларға қарсы тұруы иммунитеттің күшіне байланысты. Иммунитетті нығайту үшін дұрыс тамақтану маңызды рөл атқарады. Кейбір тағамдар ағзаны қажетті витаминдермен, минералдармен және антиоксиданттармен қамтамасыз етіп, табиғи қорғаныс жүйесінің жұмысын жақсартады. Біріншіден, С дәруменіне бай өнімдер иммунитетті көтерудің негізгі көзі болып есептеледі. Мысалы, цитрус жемістері – лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут, сондай-ақ құлпынай, қарақат және болгар бұрышы ағзадағы антиденелердің түзілуін күшейтеді. Екіншіден, мырыш пен Селен сияқты минералдар да қорғаныс қабілетін арттырады. Мырышқа бай тағамдарға асбұршақ, сиыр еті, теңіз өнімдері кіреді. Ал селен балықтарда, жұмыртқада және жаңғақтарда көп кездеседі.
Сонымен қатар, бал, зімбір, сарымсақ сияқты табиғи өнімдердің бактерияға қарсы қасиеттері жоғары. Бал тыныс жолдарын жұмсартып, зімбір қабынуды азайтады, ал сарымсақ ағзаны вирустар мен микробтардан қорғайды. Жаңғақтар мен дәндер – Е дәруменінің жақсы көзі. Бұл дәрумен жасушаларды еркін радикалдардан қорғап, иммундық жүйенің жұмысын тұрақтандырады. Бадам, грек жаңғағы, күнжіт және асқабақ дәндері өте пайдалы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: