04
декабрь
2025
«Өнерлілер алаңы» халықаралық байқауында Гран-при!
«Өнерлілер алаңы» көпжанрлы халықаралық өнер байқауында Ержанұлы Алқар мен Ержанұлы Ерен үздік көрсетіп, Гран-при жеңіп алды!
Оқушылардың орындауындағы «Поппури» күйі қазылар алқасын тәнті етіп, ең жоғары бағаға ие болды.
Бұл жеңіс оларға Дубай қаласына жолдаманы ұтып әперді — үлкен еңбектің, дарынның және табандылықтың нәтижесі.
Алқар мен Еренді шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылықтары өрлей берсін, халықаралық сахналарда талай биіктерді бағындыра берсін!
